Жоба жұмысы аясында БҚО ББДО мен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі бірігіп ағымдағы жылдың 09 маусымда бастауыш мектеп мұғалімдеріне арнап «Білім беру үрдісінде цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өткізді.
Семинар-практикумның мақсаты: Бастауыш мектеп мұғалімдерінің әдістемелік біліктілігін жетілдіру және цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндігін дамыту.
Модераторлар:
Бижанов Акан Маликулы, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары;
Нурашева Гульнар Сырымовна, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.
Семинар-практикумға 11 ауданның 59 бастауыш мектебінің мұғалімдері оқыту семинарына қатысып, өз білімдерін жетілдірді. Семинардың шымылдығын БҚО,Білім беруді дамыту орталығының директоры Кубашева Гүлмира Камалқызы ашып, семинарға сәттілік тілесе, колледж директоры Кайрлиева Алтынгул Жаксыгуловна мектеп мұғалімдеріне жоба бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс студенті Қыдыр Гүлназ колледждің материалдық- техникалық базасымен таныстырды.
Колледж директорынының ақпараттық технология жөніндегі орынбасары А.М. Бижанов «Электронды ресурстар, онлайн тақталар, цифрлық платформалар, портфолио жасау мүмкіндіктері» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің оқыту үрдісінде цифрлық дағдыларын дамытуда интерактивті тақталарды қолданудан бастап, оқушыларға тиімді білім берде түрлі платформалардың мүмкіндіктерін көрсетті. Атап айтатын болсақ ,TopIQ, bilimland, itest, интеракивті онлайн тақталар: jamboard, Миро, AMW board. Whiteboard Fox т.б. Колледждің цифрлық педагогі А.С.Батыкова «Онлайн тақталар, тест құрастыру офлайн платформасы», оқытушы Г.К.Суюнгалиева «Оқушыларға контентті тиімді жеткізу платформасы» тақырыбында түрлі технологияларды көрсетіп, практикалық жұмыстар жасатты. Семинар-практикумға қатысушы мұғалімдер компьютермен жұмыс жасап өз тәжірибиелерін одан әрі дамытты.
Жеке пән әдістемелерінің оқытушылары Н.Н.Шагиева, Н.А.Хазин, А.Р.Дусалиева, А.Т. Зайнуллина, Б.М.Каримова және «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2-курс студенті Әсел Турарбекова белгіленген тақырыптар бойынша бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін көрсетіп, шеберлік сағаттарын өткізді.
Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс болып, қорытынды жасалды. Мектеп мұғалімдері осындай оқыту семинарының қажеттілігін айтып, келесі семинарға қажетті тақырыптарды ұсынды.