ҰСТАЗ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

21 қыркүйек күні, сағат 15:00-де Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырман залында өңірімізге белгілі ұлағатты ұстаз, ҚР Білім беру ісінінің құрметті қызметкері Қырымжан Үмбетрзақызы Жақыпованың 60 жасқа толу мерейтойына орай «Білімі-дария, тәлімі-тәрбие» атты кездесу кеші болып өтті. Аталмыш шараны озық оқытушының өзі ширек ғасырға жуық қызмет жасап келе жатырған Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі ұжымы ұйымдастырды.

"М. Әуезов қазақ әдебиетінің тарланы" атты танымдық сағат өтті

29.09.2022 күні Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж інің Студенттер үйінде Мұтар Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай "М. Әуезов қазақ әдебиетінің тарланы" атты танымдық сағат өтті. Кеште ғұлама жазушының өмірбаяны және арнау өлеңдер оқылып күмбірлеген "Көңіл Толқыны"  күйі орындалды. Танымдық сағатқа қонаққа болып шақырылған Х. Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы, ақын-жазушы, осы жатақхананың кезінде тұрғыны болған Едігенов Нұрлан Маралбекұлы Әуезов туралы ой айтып студенттік кезіндегі қызықты естеліктермен бөлісті. Танымдық сағатты ұйымдастырған жатақхана тәрбиешісі А. Т. Нугманова.

«Қызықты көңіл, студенттік өмір» тақырыбында 1 курс студенттеріне арналған танысу кеші өтті

22 қыркүйек күні студенттер үйінде «Қызықты көңіл, студенттік өмір» тақырыбында 1 курс студенттеріне арналған танысу кеші өтті. Шарада 1курс студенттері өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі. Сонымен қатар студенттердің өзара қарым-қатынастарын нығайту мақсатында 2пКШО-11 тобының студенті Малаева Айнагүл ойын ұйымдастырып өткізді. 2пКШК-11 тобының студенті,  ақынымыз Маратов Ернар 1 курс студенттеріне өз арнауын оқыды. 2-3 курс студенттері де ән шырқап өнерлерін  көрсетті. Танысу кеші көңілді өтті.

Ұстаздық - ұлы құрмет

Сөзімнің басын: "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”- деген халқымыздың батыры Бауыржан Момышұлының даналығымен бастағым келіп отыр.

"Ұстаздардың ұстазы болу - батырлықтың ең жоғары сатысы"

"Ұстаз болу - жүректің батырлығы" десек, "Ұстаздардың ұстазы болу - батырлықтың ең жоғары сатысы" шығар, бәлкім... Біз балаларды оқытамыз, тәрбиелейміз деген үмітпен ілім алсақ, колледж ұстаздары бізге болашақта бала тәрбиелейтін маман деген сеніммен қарайды. Мен Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 4 курс студентімін. 2018 жылы колледж табалдырығын аттап, "Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі" мамандығына оқуға түстім. Өкінбеймін. Бүгінде Жаһанша ордасының түлегі атанғалы отырмын. Әлі есімде, алғаш Орал қаласына келіп, колледж ішіне енген сәтте Жаһаншаның "Еңбек қылмай білім жоқ" деген сөзі еріксіз көзге түскен. Жастардың "мотивация" атты ұғымын жүз жыл бұрын-ақ жазып кеткен екен ғой дедім ішімнен. Міне, ең үлкен мотивация.

"Дарынды жас, бізге қосыл!" тақырыбында шара өтті

06.2022 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің практика бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық орталық демалыс саябағында "Дарынды жас, бізге қосыл!" тақырыбында шара өтті. Шараның негізгі мақсаты колледж жұмысын насихаттау, шығармашыл, белсенді студенттерді қолдау, педагогикалық мамандықтарды таныстырып, жаңа оқу жылына  дарынды талапкерлерді тарту болды.   

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 94

Вчера 282

На этой неделе 1244

В этом месяце 9280

Всего 186799

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска