06.06.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде әлеуметтік педагог А.Мухсинова емтихан тапсырушы студенттерге сынақ алдындағы бойындағы стресстік қалыптан арылу, сенімді мінез-құлық дамыту, психологиялық қысымнан арылу мақсатында «Емтиханға даярлық кезінде стресстен қалай құтылуға болады?» атты тренинг ұйымдастырып өткізді. Тренинг барысында студенттер «Кедергілерді жеңу», «Аутотренинг формуласы», «Биопоэма стратегиясы», «Поезд жаттығуы» т.б жаттығуларды жасай отырып, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.