Бүгін Жаһанша колледжінде Индустриялық кеңестің алғашқы отырысы болып өтті. Атылмыш кеңес ҚР БжҒ министрлігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №566 бұйрығы негізінде құрылып отыр. Құрылым қызметінің негізгі мақсаты - өңірдің білім беру салалары бойынша еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға, оқу бағдарламаларын әзірлеуге сараптамалық және техникалық көмек көрсету.
15.02.2024 күні «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 3а КШО-9 тобында «Мен оқыдым, сен де оқы» атты READx форматында тәрбие сағаты өтті.
READx - бұл оқырмандар арасында өздері оқыған кітаптардың мазмұнымен өзара бөлісіп, бір - бірін кітап оқуға шақыру мақсатында жасалынған жоба. Бұл кітап оқуда адамның алған шабытын әңгімелеу барысында әсерлі, әрі түсінікті етіп жеткізу.
15 ақпан күні Ж. Досмухамедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжі 1сКШО-9 тобында «Әдептілік-әдемілік» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Адамның бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, студенттерді адамгершілікке, асыл қасиеттерді бағалай білуге, жаман әдеттен жиренуге үйрету.
"Актёры, музыканты и поэты - целители уставших наших душ..." Под таким девизом прошла встреча членов клуба "ВДОХНОВЕНИЕ" с поэтессой Галиной Самойловой, сценаристом- методистом ОДЮБ им.Х.Есенжанова Сергеем Быковым; знакомство с творчеством молодого актера-режиссёра Алишера Музафарова.
12.02.24-23.02.24 күндер аралығында Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығымен Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың жоспарына сайкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шыныктыру нускаушыларына арналган "Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің, тарбиешілері мен дене шыныктыру нұскаушыларының кәсіби кузыреттілігі мен дағдыларын дамыту" біліктілікті арттыру курсы өтуде.