15.02.2024 күні «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 3а КШО-9 тобында «Мен оқыдым, сен де оқы» атты READx форматында тәрбие сағаты өтті.
READx - бұл оқырмандар арасында өздері оқыған кітаптардың мазмұнымен өзара бөлісіп, бір - бірін кітап оқуға шақыру мақсатында жасалынған жоба. Бұл кітап оқуда адамның алған шабытын әңгімелеу барысында әсерлі, әрі түсінікті етіп жеткізу.
Қайролла Айдана өзі оқыған Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романың, Қыдыр Гүлназ- Тұрсын Жұртбайдың «Бір уыс жусан» , Аманжолова Ұлпан- Төлен Әбдікұлының «Оң қол», Турарбекова Әсел- Шабан Айғдоғдудың «Оқы! Ойлан! Орында!» кітабын, Рамазан Перизат-Санжар Керімбайдың «Бейсен және Болмыс» кітаптарын талдап, таныстырып, студенттерді кітап оқуға шақырды.