"Тарихқа TRAVEL" квест ойыны ұйымдастырылды

Желтоқсанның 15-і күні Жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы 10 күндігі аясында оқытушылар Жеңісгүл Ермекқызы Молдағалиева, Әлия Рамазанқызы Дусалиева және өзі жетекшілік ететін “ECObolashaq” үйірмесінің белсенді мүшелері ұйымдастыруымен колледждің 110 жылдығына арналған "Тарихқа TRAVEL" квест ойыны 1- 2 ші курстықтар арасында ұйымдастырылды.

ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ!

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Тәуелсіздік-тұғырым!» атты «Жас сарбаз» ұйымының (жет. Д.Р.Аяпбергенов) патриоттық шарасы өтті. Шараға колледж оқытушылары, студенттерімен қатар шақырулы қонақтар БҚО Ақжайық телеарнасының журналисі ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын-жазушы Мұнайдар Мұқамбетжанұлы Балмолда мен 5517 Әскери бөлімінің Жауынгерлік дайындығының аға маманы, аға нұсқаушы. «АҚЖАЙЫҚ ҚЫРАНДАРЫ» әскери патриоттық лагерінің директоры Хасанов Эльдар Хайрлыұлы қатысты.

Тәуелсіздік күніне арналған поэзиялық кеш өтті

14 желтоқсан күні педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған поэзиялық кеш өтті. Кешке “Бастауыш білім беру” мамандығының студенттері, кафедра оқытушылары қатысты.

Шара мақсаты: студенттерді Отанды сүюге өз тарихын білуге, өнегелі ел жанды азамат болуға тәрбиелеу.

“Тәуелсіздік ата бабам аңсаған” атты мерекелік шара өтті

14 желтоқсан күні Студенттік Парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік ата бабам аңсаған” атты мерекелік шара өтті.

Мерекелік шараға колледж студенттері және жастар ісі комитетінің жетекшісі К.С.Бикитеева қатысты.

Шараның мақсаты: студенттерді Отанды сүюге өз тарихын білуге, ел байлығын қадірлеуге және Қазақстанның өркендеуіне үлес қосып, білім алып, өнегелі ел жанды азамат болуға тәрбиелеу.

 

 
"Кафедра тарихы - колледж тарихы" тақырыбында студенттердің арасында зерттеу жұмыстарының сайысы өтті

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің 110 жылдық мәнімен мағынасы зор, тәлімімен тәрбиесі мол тарихын жастар санасына сіңіру, өткеннен сабақ алу, аға ұрпақтың өнегелі істерін дәріптеу тұрғысында 14 желтоқсан күні жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы оқытушылары ұйымдастыруымен "Кафедра тарихы - колледж тарихы" тақырыбында студенттердің арасында зерттеу жұмыстарының сайысы өтті. Мақсаты: кафедрада әр жылдары қызмет еткен ұлағатты ұстаздардың, өмірде, еңбекте толағай жетістіктерге жеткен түлектердің еңбек жолдары, іс- тәжірибелерін кейінгі буын жастарға үлгі ету, насихаттау және жобалық зерттеу жұмыстарының түпкі нәтижесі есебінде өнім ұсыну болды.

«Қауіпсіздік ережесін біліп жүрейік!» тақырыбында кездесу өтті

14 желтоқсан күні колледжде «Қауіпсіздік ережесін біліп жүрейік!» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу мақсаты: ұстаздар мен студенттерге арналған өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ақпараттық түсінік жұмыстарын жүргізу.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 182

Вчера 154

На этой неделе 182

В этом месяце 3383

Всего 190956

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска