15 ақпан күні Ж. Досмухамедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжі 1сКШО-9 тобында «Әдептілік-әдемілік» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Адамның бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, студенттерді адамгершілікке, асыл қасиеттерді бағалай білуге, жаман әдеттен жиренуге үйрету.
Тәрбие сағаты тренигпен басталды.«Сыйқырлы сөздер» ойыны арқылы студенттер бір-біріне жасаған жақсылықтарын жариялап, ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты. «Менің досым» айдары бойынша топта дос болып жүрген жұптар бір-біріне жылы мейірім білдіріп, жылы лебіздерін айтып қол алысты. Қорытынды бөлімінде студенттер адам бойындағы әдептілік асыл қасиет екендігі туралы өз ойларымен бөлісті.