2023-2024 оқу жылының басынан Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж жанындағы студенттер үйінде «Оймақ» үйірмесі өз жұмысын бастады.
Өнер - жас ұрпаққа жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние. Осы мақсатта құрылған «Оймақ» үйірмесі студенттердің ықылас-ынтасын дамытып, өнерге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, болашақ маман ретінде өзін-өзі тануға мүмкіндік береді.
Мақсатымыз - қыздарға ине сабақтап, іс тігуді үйрету.Үйірмеге мүше болуға қызығушылығы бар қыздар қабылданды.Алғашқы сабағымыз қауіпсіздік ережелерін сақтаудан басталып,қыздардың өз ой пікірлерінің негізінде жылдық жоспар жасалынды.
Бірінші жұмысымыз қолтық көпшік деп аталады.Бұл қыздардың кереуеттерінің үстіне әсемдік үшін арналған көпшік деп те атауға болады. Алғашқы сабақтарымызда жүн түту ережесін меңгеріп, бидай шүберек туралы мағлұматтар алды.Іс тігу барысында қыздар жақсы көңіл-күйде болатынын байқадым. Әңгімелеріміз жарасып, өлең айтып,ісіміз тез өнеді. Бүгінгі көріп отырғандарыңыз үйірменің ең алғашқы туындысы.