20 наурыз күні жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы Ж.Е.Молдагалиева Lesson study шеңберінде 1аКШО-9 тобына «Химия» пәнінен «Майлар. Сабын және синтетикалық жуғыш заттар» тақырыбында зерттеу сабағын өткізді.
Сабақтың мақсаты: Майлар,сабын және синтетикалық жуғыш заттардың қасиеттерімен танысу, пайдалану жолдарын меңгеру, тәжірибелер жүргізу.
Сабақтың ұйымдастырушы кезеңінде студенттер қағаз қиықшаларына спирт, альдегид, карбон қышқылдарының формуласы жазылған, қиықшаларын таңдау арқылы үш топқа бөлінді. Алдымен өткен тақырыптарға шолу жасалды. Танымдық кезеңде топтық жұмыс жүргізілді. Жаңа материалмен танысу үшін әр топқа тапсырмалар беріліп, постер қорғады. Операциялық іс – әрекет кезеңде топ студенттері берілген нұсқаулық бойынша жұппен зертханалық жұмыстар жасап, қорытындысын жұмыс дәптерлеріне жазып отырды. Жаңа материалды бекіту мақсатында Google формада тест тапсырмаларын орындады. Сабақ соңында рефлексия жасалып, студенттер өз пікірлерімен бөлісті.
Бақылау, зерттеу жұмыстарын Баян Берікқызы Курмангалиева, Джумагазиева Асель Каримовна әр түрлі топқа бөлінген студенттермен араласа жүріп жүзеге асырды. Оқытушы Ж.Е.Молдагалиева топтық, жұптық, жеке тапсырмаларды тиісті деңгейінде студенттер назарына ұсынып, белсенді жұмыс ортасын қалыптастырды. Зерттелген "С" және "В" деңгейіндегі студенттер өздерінің күнделікті білім дағдыларынан өсу деңгейі, олардың топтық, жұптық жұмыстарындағы белсенділіктерінен көрінді. Зерттеу мақсатына жетті.
Зерттеу сабағына зерттеу тобының мүшелері А.К.Джумагазиева., Б.Б.Курмангалиева және кафедра оқытушылары Б.К.Сапиев., С.К.Бисенова., А.Т.Зайнуллина., А.Р.Дусалиева қатысты.