05.03.2019 күні Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық Денсаулық сақтау департаментінің туберкулезді алдын-алу бөлімінің маманы А.И.Утегенова, ЛХВ ОЛТД-ның бас маманы Кеншеиров Мәрлен, УГУООЗ-дың бас маманы К.Д.Ахметкалиева «Туберкулездың алдын-алу» тақырыбында 1аКДО, 1бкдо, 1ПКШИ, 1АКШИ топтарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында мамандар туберкулездің алғашқы белгілері, таралу жолдары, емдеу жолдары, сақтану шаралары туралы мәлімет бере отырып, видеоролик көрсетілді. Аталмыш тақырыпта студенттер көкейкесті сұрақтарымен бөлісті.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова