«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қастамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады.
Осы мақсатта 27.02.2018 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде директордың әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары Қ.Х.Мажитов 1-2 курс студенттеріне «Цифрлы Қазақстан» атты түсіндіру жұмысын ұйымдастырып өткізді. Шараға «Халыққа қызмет көрсету орталығының» маманы қатысып, студенттерге «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын кеңінен түсіндірді.
ДТІЖО Қ.Х.Мажитов