«Қазіргі мектеп – жүрегі, Сенсің-колледж түлегі» тақырыбында 23 ақпанда өткен колледж түлектерімен кездесуде, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» кафедрасы «Кешегі-студент, бүгінгі-маман» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Кездесуге қаламыздағы №21 «Росинка» бөбекжайының тәрбиешілері Зотова Елена Николаевна, Баймолдина Аксулу Аманжоловна, №50 «Заңғар» бөбекжайының тәрбиешісі Сейткереева Тұрсынгүл Биғалиқызы, №37 ЖББМ мектеп алды даярлық тобы тәрбиешісі Құрманова Жансая Нұрланқызы қатысты.
Кездесу барысында кафедра оқытушылары сөз сөйлеп, колледждің тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілгінен хабарлама жасады.
Қонақтар студенттердің сұрақтарына жауап берiп, өздерінің өмiр жолы мен жұмысы туралы айтып бердi, колледж түлектерінің өнегесін көңілдеріне тоқып, ұлағатын сіңірген студенттер ұрпақ тәрбиелеуде қызмет етуге шабыттанды сонымен қатар жүректен шыққан ізгі тілектерін білдірді. Студенттер қонақтарға сауалдар қойып, ашық пікір алысу мүмкіндігіне ие болды, кафедраның өнерлі студенттері өз әндерімен кешті көркейте түсті. Кездесу соңында қонақтарға алғыс хаттар табысталды.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары
педагогикалық колледжінің
«Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқыту» кафедрасының оқытушылары
Р.С.Калмурзина
В.С.Төремұратова