21.02.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде директордың әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасры Қ.Мажитов және әлеуметтік педагог А.Мухсинованың ұйымдастыруымен 1 курс студенттеріне төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында «Өз құқығыңды білесің бе?» атты түсіндірме жұмысы жүргізіліп, шараға Орал қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Назаров Мирас Сәбитұлы қатысты.
Төтенше жағдайлар басқармасының маманы табиға апаттар, сонымен қатар су тасқынының алдын-алу, өрт қауіпсіздігі кезіндегі алғашқы көмек туралы баяндай отырып, алдын-алу шаралары бойынша видео-роликты студенттердің назарына ұсынды.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова