Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сонымен қатар Ұлт Көшбасшысының 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялауының үлкен мәні бар.
Аталған бағытта колледжімізде «Жастар жылының» онкүндігі аясында 20.02.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде әлеуметтік педагог А.Мухсинованың және жастар ісі комитетінің жетекшісі А.Махамбетованың ұйымдастыруымен «Ынтымақ» волонтерлар клубының мүшелері және «Өзін-өзі басқару» ұйымының белсенді мүшелері «Көмекке кел жас дос» акциясы аясында қаламыздың арықтар мен қар қатқан мұздықтарды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларға тегін ыстық шәй мен пирожки, печенье, конфет, бауырсақ таратып, ізгі істерімен қала тұрғындарының ықыласына бөленді.
Әлеуметтік педагог А.Мухсинова