«Өзін-өзі тану» мұғалімдері ғылым мен білімнің жаңалығын игертумен қатар бала бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды: мейірімділікті, қайырымдылықты, адалдықты, әділдікті, махаббатты, сұлулықты, бақытты бағалай білуді бойына сіңіріп, тәрбиелеуді талап ету – қазіргі өмірде басты мақсаттардың бірі екендігін түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар дәстүрлі онкүндік аясында студенттердің білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, білім мазмұнында ұлттық руханиятымыздың өзегін құрайтын «Махаббат шуағы» «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы С.А.Назарбаева туралы кітап көрмесі, «Жылу» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, колледжіміздің «Ынтымақ» волонтерлар клубының жақсылыққа жаны құштар мүшелері Орал қаласының тұрғыны, Семей полигонының ардагері, «Ерекше тәуекелді солдаттар» республикалық қоғамдық ұйымының мүшесі Суинбеков Ныгметолла Хабиболлаевичтің үйіне көмектесуге барса, сондай-ақ «Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу сайысы, «Ізгілік әлемі» сурет көрмесі, «Жүректен жүрекке» флешмоб, «Сенде бір кірпіш дүниеде, кетігін тап та бар қалан» «Өзін-өзі тану» мұғалім» мамандығын бітірген түлектермен кездесу кеші, «Ізгі ниет –ақ тілек» акциясы, барша топтарға «Барша жанның қамқоры», «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты тақырыптарда тәрбие сағаттары, сонымен қатар онкүндіктің жабылу салтанаты өткізіліп, белсенді топта марапатталды.
Өзін өзі тану мұғалімі А.К.Мухсинова