Бүгінгі күні ғылымды, білімді іздендіру мәселесі – өзекті мәселелердің қатарынан орын алып отыр. Өйткені ғылым мен техниканың қарқынды дамыған тұсында адамдар білімнің күшін тек жақсылыққа, игі істерге ғана жұмсамай, жамандық пен қатігездікке, бас пайдасын ойлауға да бағыттауда. Сондықтан да жастарға білім берумен қатар, ізгілік білімін де бойларына сіңіруіміз қажет. Олар айналасындағы жанды-жансыздың бәріне сүйіспеншілікпен, адамгершілікпен қарап өсуі тиіс. «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен балалар арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына білінуі тиіс.
Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!»-деп Сара Алпысқызы айтқандай, ұрпақ тәрбиесін әлемдік деңгейге көтерген «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының қазіргі «жансыз біліммен» қаруланып, мейірімсіздік пен қатыгездік жайлаған қоғамды адамзаттық құндылықтар мен адамгершілік идеясымен өмір сүруге тәрбиелеуде маңызы ерекше. Осы мақсатта «Өзін—тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында ақпан айының 7-інде Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Ынтымақ» волонтерлар клубының белсенді мүшелері студенттерге жағымды көңіл күй сыйлау үшін «Жүректен жүреке» атты флешмоб ұйымдастырып, биледі. Колледж студенттері көтеріңкі көңіл күймен флешмобты бірге қайталап, алдағы уақытта осындай игі шаралар жалғасын тапса деген ниетін білдірді.
Өзін-өзі тану мұғалімі А.К.Мухсинова