Ағымдағы жылдың 1 мен 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік аясында ақпан айының 05-ші жұлдызында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде жалпы адамзаттық құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шараларға, еліміздегі адамгершілік-рухани білім беруінің дамуына үлкен үлес қосып, ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегінде адамзат баласына бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізген, мейірім мен ізгіліктің символы «Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі авторы С.А.Назарбаеваның ұлағатты өмір жолына арналған «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы оздырылды.
Шараға 1аКШО, 1аКШК, 1аКШИ, 1сКШК топ студенттері өз шығармашылығынан туындыларын оқыды.Әділқазы мүшелерінің шешімі бойынша 3-ші дәрежелі дипломмен 1аКШО, 1аКШК тобының студенттері А.Тулегенова және А.Нұрқанова, 2-ші дәрежелі дипломмен 1аКШК, 1аКШИ тобының студенттері Б.Орынбасар, А.Қуанышқалиева алса, 1-дәрежелі дипломмен 1сКШК тобының студенті А.Әлібекұлы марапатталды. Сонымен қатар студенттерге С.А.Назарбаеваның еңбек жолы, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың қайта өрлеу жолындағы атқарған сүбелі еңбектерінен бейне-ролик көрсетіліп, әндер шырқалды.
Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы А.К.Мухсинова