ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР!
Біздің виртуалды қабылдау бөліміне қош келдіңіз!
Өзіңіздің сұрақтарыңызды қалдырсаңыз, біз міндетті түрде жауап береміз.

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Сұрақтар және жауаптар

14:01

Салеметсизбе онлайн обучение болама биыл

Получено из офлайн-формы

Ж.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

15:30

Қайырлы күн! Қашықтан оқыту елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болуы мүмкін. Бұл туралы қосымша хабарландырылады.

 

16:06

Салематсзба! Биылғы талапкерлердін тізімін калай карасак болады. www.pedcollege.kz сайтынан абитуриенттерді карасак 10кун бұрын тапсырып кеткен талапкердің есімі әлі тізімде жоқ. 2 күнде тізімге енгіземіз деп айтп еді

 

Ж.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

15:24

Қайырлы күн! Талапкерлердің тізімі күн сайын жаңартылып отырады. Ермекқали Гүлназ Нурланқызы тізімде реттік №213 болып орналасқан.

Саламатсыз ба!

Қабылдау емтиханы қалай жүргізіледі?

Жаһанша педколледж

Каратин режимі жағдайында қабылдау емтиханы өткізілмейді. Ал оқуға түсу конкурсы аттестаттың бағалары негізінде жүргізіледі.

Мысалы, егер Сіз 9 сыныптан кейін мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығын таңдасаңыз, онда қазақ тілі, қазақ әдебиеті, биология пәндерінің орташа балы анықталады.

Пәндері

қазақ тілі

қазақ әдебиеті

биология

орташа балы

конкурстық балл

Аттестаттағы бағалары

5

4

4

(5+4+3):3=4,33

4,33

11 сынып негізіндегі мамандықтарға жоғарыдағы пәндерге Қазақстан тарихы пәні қосылып, конкурстық балл төрт пәннің бағасын қосып, 4-ке бөлу формуласымен шығарылады.

Пәндері

қазақ тілі

Қазақстан тарихы

қазақ әдебиеті

биология

орташа балы

конкурстық балл

Аттестаттағы бағалары

5

5

4

4

(5+5+4+3):4=4,25

4,25

Егер конкурстық балл қатысушылар арасында тең түссе, онда аттестаттың барлық пәндерінің орташа балы ескеріледі. Бұл көрсеткіштерде тең болса, онда әлеуметтік статустары, жетістіктері қарастырылады және колледжіміз ұйымдастырған онлайн байқаулардың бас жүлдесі, 1-ші және 2-ші орын иеленген талапкерлерге басымдықтар беріледі. (қосымша 2)

Құжаттарды қалай тапысыруға болады?

Жаһанша педколледж

Колледждерге құжаттар ағымдағы жылдың 20 маусымынан бастап онлайн форматта қабылданады. Бұл қызмет талапкердің электронды-цифрлы қолтаңбасы (егер талапкер ЭЦҚ алу жасына жетпесе ата-анасы немесе қамқоршысы) арқылы жүргізіледі:

1. https://egov.kz/ адресі бойынша электронды үкімет порталына кіресіз.

2. Білім бөлімін таңдайсыз.

3. Жоғарғы және кәсіби білім бөлімін таңдайсыз.

4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау қызметін таңдап, құжаттарды тапсырасыз.

Жадыра Ерболқызы

Рақмет

Қандай мамандықтарға түсуге болады, мемлекеттік тапсырыс (грант) қарастырылған ба?

Жаһанша педколледж

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжіне 9 және 11 сыныптардан кейін төмендегі мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс (грант) және ақыл негізде оқуға түсуге болады (қосымша 1)

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 65

Кеше 126

Осы аптада 1226

Осы айда 4042

Барлығы 249878

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска