Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сонымен қатар Ұлт Көшбасшысының 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялауының үлкен мәні бар.
Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сонымен қатар Ұлт Көшбасшысының 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялауының үлкен мәні бар.
20.02.2019 күні «Мәдени-ағарту бірлестігінің» ұйымдастыруымен «Ынтымақ» волонтерлар клубының белсенді мүшелері№40 мектептің бастауыш сынып оқушыларына «Эрудиттер, Алға!» атты интеллектуалдық ойынын ұйымдастырып өткізіп, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға өз үлестерін қоса білді.
08/18.02.2019ж аралығында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде БҚО білім басқармасының 07.02.2019 күні жолдаған №3-10/678 шығыс хатына сәйкес, оқу процесіне вакцинацияның маңыздылығын насихаттау мақсатында 1-2 курс студенттеріне әлеуметтік педагог А.Мухсинова екпенің маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
С 28.01 по 15.02 2019 года студенты группы 2аКДО проходили пробную практику в ясли-саду №50 «Заңғар». По итогам практики в колледже прошла конференция на котором присутствовал заместитель директора по учебно-производственной практике Мукашев М.С.
«Өзін-өзі тану» мұғалімдері ғылым мен білімнің жаңалығын игертумен қатар бала бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды: мейірімділікті, қайырымдылықты, адалдықты, әділдікті, махаббатты, сұлулықты, бақытты бағалай білуді бойына сіңіріп, тәрбиелеуді талап ету – қазіргі өмірде басты мақсаттардың бірі екендігін түсіндіріп өтті.
Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауында 2019 жылды Жастар жылы» деп жариялануына орай Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде жоспарға сәйкес онкүндік аясында әлеуметтік педагог А.Мухсинова және жастар ісі комитетінің жетекшісі А.Махамбетованың ұйымдастыруымен «Мәңгілік елдің шымыр жастары» атты хоккейден 1асКШФТ-9, 1асКШФ-9 топтары арасында спорттық шара оздырылды.
13.02.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шығарылғанына 30 жыл толуына орай алғашқы әскери дайындық жетекшісі Утегалиев Нұрлыбек Закариянович, «Ынтымақ» волонтерлар клубының мүшелері және 1аТМ тобы студенттерінің ұйымдастыруымен «Ауғанның от жалыны» атты тәрбие сағаты оздырылды. Шараның негізгі мақсаты - студенттерге патриоттық тәрбие беру, Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым ете отырып, олардың ерен ерліктерін үлгі ету.
2019 жылдың 12 ақпан күні сағат 14:30-да «Ел ертеңі - жастар» атты жастар жылының ашылу шарасы өткізілді. Аталмыш шараға Облысымыздың әр түрлі санаттағы жастары, жас ұстаздар шақырылды. «Ел ертеңі- жастар» жастар жылының ашылуына орай Облыстық жастармен жұмыс жөнінідегі ресурстық орталығының бөлім басшысы Қаленова Гульжанат Оразбайқызы «Жастар жылында жасалатын жұмыстар, нақты тапсырмалар мен жүзеге асыру механизмдері» туралы; «Болашақ» бағдарламасының түлегі Айнұр Өтегенқызы Базарова «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің жастар жылына қосар үлесі; «Болашақ» бағдарламaсына қалай дайындалғаны және Англиядағы оқу барысымен білім жүйесіндегі ерекшеліктерді атап өтті.
11.02.2019 күнінен бастап Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Студенттерге қызмет көрсету орталығы» өз қызметін бастады. Студенттерге мұндай қызмет құрудағы негізгі мақсат –студенттердің орта кәсіптік білім алу барысында пайдаланатын мемлекеттік қызметтерін мейлінше қолжетімді әрі тиімді түрде алуына жағдай жасау болып табылады.Бұл ретте, «қызмет көрсету орталығында» «электронды үкімет» веб-порталы (www.е-gov.kz) арқылы әр студент және оқытушы өзіне қажетті анықтамаларды электронды цифрлы қолтаңбасымен (ЭЦҚ) жылдам түрде алуға толық мүмкіндігі бар.