15.03.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары пеагогикалық колледжінде «Жаһанша проект Fest» атты проекттердің таныстырылымы ұйымдастырылып өткізілді.
Шарада «Жаратылыстану» кафедрасының оқытушылары Б.С.Кәрімов, А.Т.Зайнуллина, А.Р.Малышеваның Орал қаласы маңындағы жергілікті дәрілік өсімдіктердің түрлерін, олардың биологиялық ерекшеліктерін далалық-экологиялық машықта зерттеу, Жайық, Шаған, Деркөл өзендері аңғарларындағы дәрілік өсімдіктерді анықтау, өмірде қолдана білуге үйрену мақсатында «Орал қаласының флорасы және олардың емдік қасиеттері» атты ғылыми жобасын 3аКШО тобының студенті Нұрсайын Жансая Татарстаннан келген қонақтарға таныстырып өтті.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын бағдарламалық мақаласында туған жердің табиғатын, оның байлығы мен әралуандығын сақтау жайында талғамды ой айтқан болатын. Мұның өзі ендігі арада байтақ даламыздың өсімдік және жан-жануарлар әлемін сақтау, жердің құнарын арттыру, өте сирек кездесетін дәрі-дәрмектік емдік өсімдіктерді кәдеге жаратуда бей-берекетсіздікке жол бермей, олардың жойылып кетпеуін қамтамасыз ету секілді маңызды мәселелердің үлкен жауапкершілігін алға тартады.