29.01.2020 ж. Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж жанындағы студенттер үйінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды волонтерлар жылы деп жариялауына орай облысымыздағы волонтерлар қатарындағы жастармен кездесу өткізілді.
29.01.2020 ж. Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж жанындағы студенттер үйінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды волонтерлар жылы деп жариялауына орай облысымыздағы волонтерлар қатарындағы жастармен кездесу өткізілді.
Адастырушы ақпараттардың толассыз жаулап алу үдерістері салдарынан қазіргі жастар ғана емес, аға буын өкілдері болып табылатын жалпы халық та рухани ұғымдардың дәстүрлі мағынасынан көз жазып қалды. Осының алдын-алу бүгінгі күннің басты талабы.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өршуіне жол бермеу, салауатты өмір салтына деген салғырт көзқарастың кесірінен темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлық сияқты зиянды әдеттер көбеюде. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Қайырымдылық – көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі екендігін жүрегімен ұғынатын Жаһаншалық еріктілер жылдағы дәстүрмен өңірдегі мүгедек жандарға қолғабыс етуді жалғастыруда.
Колледждердегі волонтерлік ұйымдары арасында тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру, волонтерлік ұйымдардың жұмысын жетілдіру, Еріктілер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдап, жоспар құру мақсатында 08.01.20 күні Республикалық жоғары техникалық колледжінің базасында қалалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы волонтерлық жұмысқа жауапты жас мамандардың отырысы оздырылды.
Колледжімізде 2019 жылдың 26 желтоқсаны күні БҚО білім басқарамасы басшысының орынбасары Габдушев Нурлан Баймуратовичтің, «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» Дербес білім беру ұйымы өкілдерінің арнайы қатысуымен кеңейтілген жиын өтті. Онда басқарма төрайымының орынбасары Испусинова Светлана Багитовна, Стратегия және корпоративтік басқару департаменті директоры Абилов Рустам Жумабекович, Білім беру бағдарламалар орталығының директоры Абдильдина Жанар Нурбапашевналар сөз алды.
Бүгін 2а КШФ тобының студенттері және «Руханият» еріктілер тобы студенттері топ кураторы А.Муратбекова мен Қ.Таубаевпен Қазақстанның патриоттық және азаматтық тәрбие бағытында Орал қаласының №2 мамандандырылған сотына экскурсияға барды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен кәмелетке толмағандарға қатысты құқықтардың бұзылуын, зорлық-зомбылықты немесе қатыгез қарым-қатынасты анықтау мақсатында Telegram мессенджерінде «BALA QORGAU» атты чат құрылды.
Бүгін колледжімізде «Парасаттылық мектебі» өз жұмысын бастады. Дөңгелек үстелге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының орынбасары Шабдар Нұрлан Аманкелдіұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысы Ақмырзаев Рустам Сапарбекұлы, БҚО әкімінің бірінші орынбасары Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы арнайы қатысты.