29.01.2020 ж. Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж жанындағы студенттер үйінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды волонтерлар жылы деп жариялауына орай облысымыздағы волонтерлар қатарындағы жастармен кездесу өткізілді.
Бұл кездесумізге облысымызға танымал, өзінің ерекше өжеттіліктерімен көзге түсе білген М.Өтемісов атындағы мемлекеттік университетінің магистранты Динара Мұрат және университеттің ІІІ курс студенті Айбарша Түмен қатысты. Кездесу барысында, Динара Мұрат: Ерікті болып, алғаш рет Алматы қаласында студент кезінен бастап, өзінің корей тіліне деген құштарлығының арқасында Алматы қаласында ерікті түрде, өзінің курс ашқанын да тілге тиек етті. Биылғы жылға орай 1-2 ай көлемінде Орал қаласында да корей тілінен курс ашылғалы отырғанын да құлақ қағыс етті. Айбарша Түмен болса, «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы «Жас саясаткерлер» мектебіне алғаш рет жасотандық ерікті ретінде қабылданып, басталғанын айтты. Алматы, Нұр – Сұлтан қалаларына сапар шегіп, «Зерен-2019» танымдық лагерінде болып, өзінің алған әсерімен бөлісіп, солардың нәтижесінде, 2019 жылы «Үздік волонтер» аталымын иеленгенін де айтты. Кездесу барысында тұрғындар «Ерікті деген кім?», «Олардың қызметтері қандай?», «Осыған дейін қандай жұмыстар атқарылды» - деген секілді сұрақтар қойып, өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауап ала алды. Тұрғындарымыз қоғамдық жұмысқа араласып, еріктілікпен айналысқылары келетіндерін айтып, кездесуге келіп, өздерінің жұмыстарымен таныстырғандарына алғыс айтты. Кездесу соныңда, Айбарша Түмен жүрекжарды тілегін арнаса, қонақкәде ретінде Динара ханым корей тілінше өзінің жазбасын оқыды. Тұрғындар еріктілерімізбен естелік суретке түсті.
3а КИНФ-9 Хибатова Фариза