Бүгін 2а КШФ тобының студенттері және «Руханият» еріктілер тобы студенттері топ кураторы А.Муратбекова мен Қ.Таубаевпен Қазақстанның патриоттық және азаматтық тәрбие бағытында Орал қаласының №2 мамандандырылған сотына экскурсияға барды.
Мамандар студенттерімізге ҚР сотында болып жатқан реформалар туралы ақпараттар берді. Студенттер құқықтық тәрбие туралы жан – жақты білімдерін нығайтты, өзара ой бөлісіп сұрақтарына жауаптар алды.