Бүгін колледжімізде «Парасаттылық мектебі» өз жұмысын бастады. Дөңгелек үстелге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының орынбасары Шабдар Нұрлан Аманкелдіұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысы Ақмырзаев Рустам Сапарбекұлы, БҚО әкімінің бірінші орынбасары Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы арнайы қатысты.
Шара барысында студенттер парасаттылық мектебі туралы өз ойларын білдіріп, болашақ педагогтардың бойында болатын асыл қасиеттер парасаттылық, адалдық, әділдік туралы айтып өтті. Келген қонақтарға сөз кезегі беріліп, қонақтарымыз студенттерге деген ыстық ықыласын білдірді. Колледж ішінде сыбайлас жемқорлықтың болмауына студенттердің тікелей қатысы бар екенін тілге тиек етіп «Парасаттылық мектебінің» алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Қонақтарымыз колледжіміздегі «Адалдық дүкені» жұмысымен танысып,бұл дүкеннің тиімділігімен студенттерді адалдыққа тәрбиелейтін бірден-бір орын екендігін атап өтті.Оған қоса қонақтарды «Студенттерге қызмет көрсету орталығының» жұмысымен таныстырып,бұл орынның студенттердің уақытын үнемдеуде,ұзын сонар кезекке тұрмай-ақ,не болмаса кабинеттен кабинетке жүгірмей ақ осы орталықтан керек жұмыстарын оңай бітіруге болады. Қысқасы колледжіміз адалдық алаңы болуымен қатар,сыбайлас жемқорлықтың нөлдік деңгейін көрсетуі қажет. Батыр бабаларымыздың табанының табы,ізгілігінің ізі қалған қара шаңырақта тек ғана жақсылықтар жалғасын таба бергей деген ниеттеміз.
Орынбасар Береке