19.02.2020 күні Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж жанындағы студенттер үйінің тәрбиешісі Н.Байтақова «Менің денсаулығым-менің болашағым» тақырыбында тұрғындармен тренинг өткізілді.Бұл тренингтің мақсаты студенттерге денсаулық, салауатты өмір салты қағидалары туралы түсінік беру. Студенттер бойына гигиеналық талаптарды және салауатты өмір салтын ұстануды, оны насихаттауды қалыптастыру, зиянды дағдылардан бойларын аластату. Студенттерді тазалыққа, жанашырлыққа, белсенділікке, дене тәрбиесіне баулу.