Қайырымдылық – көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі екендігін жүрегімен ұғынатын Жаһаншалық еріктілер жылдағы дәстүрмен өңірдегі мүгедек жандарға қолғабыс етуді жалғастыруда.
Атап айтқанда, 23.01.2020 күні «Ынтымақ» волонтерлар клубының белсенді еріктілері және жетекшісі А.К.Мухсинова Орал қаласының тұрғыны, Жүнісова 40 мекен-жайында тұратын, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының» қызмет алушысы Кондратьева Светлана Федоровнаның ауласына қар тазалау жұмыстарын жүргізіп, әжейдің ыстық ықыласына бөленді. Қайырымды жандардан құралған белсенді жастардың игілікті шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатыны, оқу мен тәрбие процесінде озық екендерін көрсетіп, жақсылыққа ұмтылған өрендердің қатары артқаны жанды жадыратады.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова