Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өршуіне жол бермеу, салауатты өмір салтына деген салғырт көзқарастың кесірінен темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлық сияқты зиянды әдеттер көбеюде. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Бүгіндей өрімдей жастардың зиянды әдеттерге бой алдырып, қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Осы мақсатта жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың, зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында 28.01.2020 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Қ.Х.Мажитов, әлеуметтік педагог А.К.Мухсинованың ұйымдастыруымен колледж инспекторы Н.А.Қадыров, БҚО ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың маманы Г.К.Үмбетованың қатысуымен 1 курс ер балаларына «Жасөспірім және қоғам» атты кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кездесу барысында колледж инспекторы Нұрбек Аманжолұлы жасөспірімдердің арасында нашақорлықтың, темекі шегудің және зиянды заттардың зардабы салдарынан қылмыс түрінің өршу себебі мен оның алдын-алу жолдары туралы түсіндірсе, ЖИТС орталығының маманы Гүлнәр Кимқызы зиянды әдеттердің алдын алу, ЖИТС/АИТВ-дың таралу жолдары мен профилактикалық шаралар туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Өз кезегінде студенттер тақырыпқа байланысты көкейкесті сұрақтарымен бөлісті.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова