Топ жетекшілер 02 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы жарияланғандығы туралы студенттерге хабарлады. Бұл жолдауда Мемлекет басшысы сөзінен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналдығы туралы, Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, Қазақстандық, яғни Назарбаев моделі қалыптасқанын айтқандығын мәлімдеп өтті. «Елбасының халыққа жолдауы» тақырыбында топ студенттеріне пікірлесу сағаттары ұйымдастырылды. Елбасының халыққа жолдауында не айтылғаны жөнінде, сонымен қатар халыққа қандай көмек көрсетілетіні жайында мәселелер қозғалды. Баспасөз парақтарында жарияланған жолдауды оқып, 2019 жылда елімізде жасалған оң істердің халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңызы туралы сөз қозғалып, студенттердің пікірі тыңдалды. Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевтың халыққа жолдауы барлық топта талқыланды. Топ студенттері де төмендегідей пікірлерін білдірді. Шараның хаттамасы толтырылды.
А. Сүндетов: Басты байлық – деннің саулығы. Қоғамымызда еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгі замандастарымыздың дені сау болуы үшін барлық жағдай жасалуда. Соған орай, медициналық тексеріс, сырқаттанудың алдын алу, саламатты өмір салтын қалыптастыру, дәрігерлік тегін кеңес беру жүйелі жолға қойылған. Бірақ, өмір болған соң әртүрлі жағдай орын алады. Бүгінгі таңда балалардың құрсақта жатып кемтарлыққа шалдығуы белең алып отыр. Нәрестелердің туа біткен сал ауруы, есту-сөйлеу кемістігі жиі кездесуде», - деген ақпараттарды жиі естудеміз. Бізде болашақ ата-аналармыз. Сондықтан қазірден бастап, өз денсаулығымызды осы бастан ойлауымыз керек. Біздер жастардың көбінің жыл мезгілдеріне сай киінбейтінін көріп жүрміз. Мезгілімен тамақ ішпейміз. Осының бәрі ұрпағымызға әсер ететіні сөзсіз.
Сонымен қатар, жолдауда атап өткендей, мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналар оларды күтіп-бағу, емдету, оқыту жағынан қиындыққа тап болып жатады.
Б.Серіков: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған бүгінгі Жолдауында әлеуметтік мәселеге, оның ішінде мүгедек балаларды емдетуге ерекше көңіл бөлгендігі қуантты. Қазір студенттер арасында да мүгедек жастар бар. Оларға бұл үлкен қаржылық көмек болады.
А.Темурова: Сонымен биылғы Жолдауда айтылған аса өзекті мәселелерге тоқталар болсам, Президенттің мемлекеттік компаниялардың санын қысқартуға, шағын және орта кәсіпкерлікті жаппай дамытуға қатысты ойларын қолдаймын. Себебі менің әкем шағын кәсіпкерлікпен айналысады.
Ә.Кеңес: Қасым-Жомарт Тоқаев ата-бабамыз қасық қанымен қорғаған жеріміз шетелдіктерге сатылмайтындығын мәлімдеді. Себебі соңғы жылдарда ел арасында «Жер сатылады екен» деген алып қашпа әңгімелер көбейіп кетті. Енді ел ішіне іріткі салатын ондай әңгімелер тоқтайды деп ойлаймын.
Д.Майтақова: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында білім беруге бұрынғыдай стратегиялық роль берілген. Республика ауылдарындағы мектептердегі білім беруді жетілдіру, жоғары оқу орындары жұмысының сапасын және ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мәселесі де көтерілді. Бұл біз болашақ мұғалімдер үшін қуантарлық жағдай.
Н.Жамбулова: Президент еліміздегі қоғамдық келісімді нығайтудың «негізгі кілті» болып табылатын тіл мәселесіне де ерекше тоқталды. Бұл жөнінде ол: «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», – деп атап көрсетті. Осы тұрғыдан келгенде қазіргі уақытта әлеуметтік желідегі кейбір адамдардың «Қазақ тілін мемлекеттік тіл етіп, басқа тілдердің қолданылуына тыйым салып, аралас мектептерді жабу керек» деген пікірлерімен келіспеймін. Себебі мұндай пікірлер қоғамда ұлт араздығын туғызады.