Абай-барлық қазақ халқының мақтанышы ғана емес, ар-ұятты,ұлттық намысы. Шара соңында мәнерлеп оқу сайысы туралы қатысушылар мен көрермендердің пікірлері тыңдалды. Осы тақырыптағы тағы бір шара- қазақ топтары арасындағы оқытушы А.Т.Қойшекенованың ұйымдастыруымен өткен «Адамдықты көздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
18 студент қатысқан сайыс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Абай әлемі» деп аталып, қатысушылар ақын өмірі мен шығармашылығы бойынша берілген сұрақтарға жауап берді.Екінші кезең «Абай өлеңдерін жатқа оқу». Қатысушылар алдын ала берілген өлеңдерді нақышына келтіре, мәнерлеп оқыды. Үшінші кезең «Абай айтқан асылдар» деп аталды. Бұл кезеңде қатысушылар Абайдың қарасөздерін түсініп, жатқа оқыды. Сайыс нәтижесінде «Негізігі орта білім беру» «Қазақ тілі мен әдебиеті» біліктілігінің 2 курс студенті Қазиханов Фархат 1 орын, «Негізігі орта білім беру» «Қазақ тілі мен әдебиеті» біліктілігінің 1 курс студенті Амангелдиева Назерке 2 орын, «Негізігі орта білім беру» «Қазақ тілі мен әдебиеті» біліктілігінің 2 курс студенттері Мукашева Аяулым, Нұрханова Алтын 3 орынды иеленді. Сайыс барысында «Музыкалық білім беру» мамандығының 2 курс студенті Магданов Армат Құрманғазының «Адай» күйін тартып берсе, «Негізігі орта білім беру» «Қазақ тілі мен әдебиеті» біліктілігінің 2 курс студенті Әлібекұлы Ақтілек Абайға арнаған арнау өлеңін оқып, кешті одан әрі мазмұнды өлеңімен көркемдеді.