Елбасының үнемі жасатрды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтін бекер емес. Ол мұны кезекті жолдауында да ашып айтты. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауда Елбасы 2019 жыл «Жастар жылы» деп аталғанына екпін түсіріп, бектітті.
«Жас Отан» ЖҚ БҚОжыл сайын жалғасын тауып келе жатқан «Жастар-Отанға!» жобасы аясында «Жас саясаткерлер» мектебіне жастарды шақырту мақсатында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжіне «Жас Отан» Жастар қанаты мүшелері келіп кездесу өткізіді. Кездесудің мақсаты – жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және ұлықтау болып табылады.