05 ақпан күні практика бөлімі математика, информатика, физика кафедрасымен бірге «Жаңартылған білім мазмұны-табысты сабақ кепілі» тақырыбындағы қалалық семинар ұйымдастырды. Колледждегі «Физика мұғалімі», «Математика мұғалімі», «Информатика мұғалімі» біліктілігінің студенттері қатысты.Семинардың мақсаты- кәсіби және ұлттық адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасында жағдай жасап, әлеуметтік серіктестіктермен тәжірибе алмасу.
Семинарға №49 ЖОББМ-тің информатика пәнінің мұғалімдері А.О.Ералива «Информатика пәнін ағылшынша оқытуда АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану», Ж.Р.Қарабасова «Физика пәнін ағылшынша оқытуда АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану», Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені математика пәнінің мұғаліміГ.К.Мусагалиева «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бөлім бойынша жиынтық бағалау бағалауды өткізу тәртібі» және физика пәнінің мұғалімі Г.Е.Тойшыбаева «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бөлім бойынша тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу тәртібі»,Подстепной №1 ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі Ш.К.Сердалиева «Математика сабағында есептерді өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың құзыреттілігін арттыру», №2 ЖОББМ математика мұғаліміА.Г.Кабиева «Жаңартылған білім мазмұны бойынша математика сабағында АКТ қолдану», Орал политехникалық колледжінің физика пәнінің оқытушысы Д.Ф.Сарсенова «Физика сабағында инновациялық әдістерді қолдану» тақырыптарындағы баяндамаларын оқып, практикалық іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жаңартылған білім мазмұны негізінде қозғалған мәселелер студенттері үшін өзекті болды, әлеуметтік серіктестіктеріміздің практикалық түрде көрсетуі жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктерін одан әрі практика жүзінде шыңдады.