11.02.2019 күнінен бастап Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Студенттерге қызмет көрсету орталығы» өз қызметін бастады. Студенттерге мұндай қызмет құрудағы негізгі мақсат –студенттердің орта кәсіптік білім алу барысында пайдаланатын мемлекеттік қызметтерін мейлінше қолжетімді әрі тиімді түрде алуына жағдай жасау болып табылады.Бұл ретте, «қызмет көрсету орталығында» «электронды үкімет» веб-порталы (www.е-gov.kz) арқылы әр студент және оқытушы өзіне қажетті анықтамаларды электронды цифрлы қолтаңбасымен (ЭЦҚ) жылдам түрде алуға толық мүмкіндігі бар.