31 наурыз күні Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде ReadX жобасы форматында республикалық "Бір ел-бір кітап" акциясы аясында А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған "Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары" тақырыбындағы оқырмандар конферециясын қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушылары А. Ж. Темрешева және Б. А. Жумагазиевалар ұйымдастырды.
Шараның мақсат —міндеттері:
- ақынның өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау,
- А. Байтұрсынұлының мысал өлеңдерімен таныстыру, оны талдау, аудармаларына көңіл бөлу, "Оқуға құштар колледж" жобасын жандандыру, жалғастыру,
- ReadX жобасы форматында студенттердің оқырмандық мәдениетін дамыту.
2аспКШР тобы студенті Бекешова Әсем кезекті жобаны жүргізді. 1сКДО—9,1сКШИ-9 тобы студенттері ақынның " Маса " жинағымен таныстырып, әдеби талдау жасап, өлеңдерінен үзінділер мәнерлеп оқыды. 1асКШО—9 және 2аспКШР —9 тобы студенттері "Қырық мысал" жинағын оқуды студенттерге насихаттады: А. Игіліков"Ат", А. Саидулаев"Талап "өлеңін, Г.Мерекеқызы"Қаптесер мен көртышқан", Д. Русланұлы" Жадовскаядан" аудармаларын мәнерлеп оқыды. 1пКШО студенттері С. Кәкішевтің "Ақаң туралы ақиқат" кітабын жарнамалап, А.Байтұрсынұлы туралы ойлардан сыр шертті.1скКШО-9 тобы студенттері Р.Такенова, А.Ашор мың бұралған биімен жобаның сәнін келтірсе, кітапхана меңгерушісі Ұ.Т. Қабиева кітап көрмесімен таныстырды. Шараның қорытынды бөлімінде: "Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап... "деген ақынның өлең жолдарымен 2аКШР тобы студенті Ш.Ахажанов А.Байтұрсынұлы шығармаларын оқып, зерделеуге шақырды. Конференция соңында директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары А.Ж. Қайырлиева алаш қайраткері А. Байтұрсынұлының тарихи тұлғасын ашып, болашақта оқырман студенттердің кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру бағытындағы тәрбие жұмыстары өз жалғасын табатындығына сенім артып, жоба ұйымдастырушылары мен оқырман студенттерге колледж әкімшілігі атынан алғыс білдірді.