11.02.2019 күнінен бастап Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Студенттерге қызмет көрсету орталығы» өз қызметін бастады. Студенттерге мұндай қызмет құрудағы негізгі мақсат –студенттердің орта кәсіптік білім алу барысында пайдаланатын мемлекеттік қызметтерін мейлінше қолжетімді әрі тиімді түрде алуына жағдай жасау болып табылады.Бұл ретте, «қызмет көрсету орталығында» «электронды үкімет» веб-порталы (www.е-gov.kz) арқылы әр студент және оқытушы өзіне қажетті анықтамаларды электронды цифрлы қолтаңбасымен (ЭЦҚ) жылдам түрде алуға толық мүмкіндігі бар.
Орталықта студенттерге жеті бағыт бойынша қызмет түрі ұсынылады. Атап айтқанда:
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
2.«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет» стандарты
3.«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
4. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» стандарты
5.«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін білім стандарты
6.«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтардың, сондай-ақ қорғаншылық пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
7. Мекенжай анықтамасы, зейнетақы аударымдары туралы анықтама, ЭЦҚ кілттерін алу, қорғаныс ісі бойынша анықтама, сонымен қатар әлеуметтік санаттағы ақылы топта оқитын студенттер оқу ақысына жеңілдік алуға Қамқоршылық Кеңеске өтініш жаза алады.