04.04.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде әлеуметтік педагог А.Мухсинова 1сКДО-9, 1сКШК-9 топ студенттеріне «Жақсы күлкі – жан жадыратады» атты тақырыпта тренинг ұйымдастырып өткізді.
Тренинг барысында күлкінің адам өміріне тигізетін пайдасы туралы қызықты мәліметтер беріле отырып, «Мимика мен жест арқылы жағдаяттардан шығу жолдары», «Сайқымазақты бояу», «Көңілді әндер баспалдағы» секілді тапсырмалар арқылы студенттер адамның күнделікті өмірде көтеріңкі көңіл күйде жүруі көп пайдасын тиетінін ұғына отырып, «Жүректен жүрекке» атты шаттық шеңберінде бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова