08.04.2019 күні сыбайлас жемқорлықпен күресудегі мемлекеттік саясатты түсіндіру, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, мемлекеттік қызметке кіру және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде қолға алынған «Академиялық адалдық саясатын» сырттай оқу бөлімінде оқитын студенттерге түсіндіру мақсатында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО филиалы сыбайлас жемқорлық профилактикасы бөлімінің басшысы Хайруллин Біржан Марданұлы және Кабдуллин Мейрамбек Ержанұлымен кездесу ұйымдастырылды.
Б.М Хайруллин сыбайлас жемқорлықпен күресудегі мемлекет жүргізіп отырған саясатты, БҚО аумағында соңғы жылдарда орын алған сыбайлас жемқорлық фактілеріне тоқталып, кездесуге қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге және сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жағдайда қандай жаза қолданылатыны жөнінде әңгімеледі. М.Е Кабдуллин мемлекеттік қызметке кіру бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Кездесу соңында студенттерге сыбайлас жемқорлықтын алдын алу және мемлекеттік қызметке кіру бойынша үлестірме материалдары таратылды.