Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиев пен Орал қаласының әкімі М.Сатқанов колледж жанындағы студенттер үйінде орналасқан эвакуацияланған тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында өңір басшысы мен шаһар басшысы әр зардап шеккен азаматқа тиісті көмек көрсетілетіндігін, ешбір тұрғын көмексіз қалмайтындығын атап өтті.
Сонымен қатар, тұрғындар өздерін толғандырған су басқан саяжайларды қалпына келтіру, жаңа үй алу, әлеуметтік көмекке жүгіну сынды мәселердің сұрақтарына тікелей көзбе көз облыс әкімінен жауап ала алды.