«Жасөспірім және қоғам» тақырыбы бүгінгі таңда маңызды тақырыпқа айналды, себебі өкінішке орай кейбір жасөспірімдер құқықбұзушылықтың арты неге әкеліп соғатынына аса мән бере қоймайды.
«Жасөспірім және қоғам» тақырыбы бүгінгі таңда маңызды тақырыпқа айналды, себебі өкінішке орай кейбір жасөспірімдер құқықбұзушылықтың арты неге әкеліп соғатынына аса мән бере қоймайды.
25 қыркүйек күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде студеттік «Өзін өзі басқару» ұйымының студенттік президенттікке сайлау жүрген болатын. Сайлау кезінде колледж президентіне үміткерлер, Серікова Жанаргүл 3аМК-9, Мусин Бахтияр 3асКИНФ-9, Хамит Райда 3аМК-9, Амантаев Қасымхан 3асФК-9, Кабенова Аиша 2бКДО-9, Серіков Бағжан 2аКШО-11, Жарланов Тамерлан 3асКИНФ-9, Нұрлан Арман 3аКШО-9 тобының студенттері өздерінің сайлау алдындағы бағдарламасымен TED форматында таныстырды.
25.09.2019 күні студентер үйінің тұрғындарымен «Жатақхана-қызықты өмір мекені» тақырыбында 1 курс студенттеріне арналған танысу кеші ұйымдастырылды.
Мақсаты: Студеттердің қоғамдық орынға бейімделуі, өзара танысу, мәдениеттілікке, көпшілікке, ұйымшылдыққа баулу. Бұл шарада студенттердің өнері мен тапқырлығына жол ашып, бос уақытын тиімді пайдалануға шақыру. Студенттерді адамгершілікке, жаңашылдыққа, адалдыққа, жан-жақтылыққа және мейірімділікке баулу.
24 қыркүйек Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Өзін өзі басқару» ұйымы студенттері мен колледж директоры Бахишева Светлана Меңдіғалиқызымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Өзін –өзі басқару» ұйымының төрайымы Қасым Алина, «Жас Отан ЖҚБ» төрағасы Мусин Бахтияр , мәдениет министрі Серіков Бағжан, спорт министрі Нұрлыбаев Сұлтан, әлеуметтік ақпараттандыру министрі Хамит Раида, «Руханият» еріктілер клубының төрайымы Кабенова Айша, «Адалдық алаңы» төрағасы Орынбасаров Береке өз идеяларын айтып, жаңа жобаларын ұсынды.
24 қыркүйек күні сағат 18:00 де Х. Бөкеева атындағы Қазақ драма театрында «Достыққа шекара жок: Жастар. Диалог. Мәдениет» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы форумы аясында «Бірлік -Дружба» фестиваліне Ж.Досмұхамедов колледжінің белсенді студенттері қатысып келді.
19.09.2019 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директоры С.М.Бахишеваның басшылығымен директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары М.С.Мұқашев пен педагогика және психология кафедрасы оқытушылары «Педагогикалық кластар-мамандыққа бастар жол» тақырыбында өзекті жобасының басталу семинарын өткізді. Семинарға облыстық білім басқармасы жанындағы әдістемелік кабинеттің директоры А.О.Хамзина қатысып, облыстық білім басқармасының басшылығымен мектептерде арнайы эксперимент алаңдары белгіленіп, педагогикалық кластар ашылуы заман талабынан туындағанын айтты.
2019 жылдың 13 қыркүйегі күні колледж оқытушыларына BilimMediaGroup компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі PR-маманы Ақжан Тамай Алпысбайұлы, маркетологы Айдар Утаргалиев вебинар өткізді. Олар компанияның мақсат-міндеттеріне, миссиясына, атқарып жатырған жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар kitap.kz, bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстарымен таныстырды.
16 қыркүйек күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде дене тәрбие және спорт кафедрасының «Салауатты жастар-қуатты ұлттың негізі» атты 10 күндік денсаулық апталығының ашылу салтанатты өтті. Ашылу салтанатын «Руханият» еріктілер тобы флешмобпен ашып, колледж директоры С.М.Бахишева және кафедраның ардагер ұстазы Б.К.Набидоллин құттықтау сөз сөйледі. Кафедра меңгерушісі А.Г.Шапанов 10 күндік апталықтың жоспарымен таныстырып, «Кермеге тартылу» «Шалқадан жатып денені көтеру», «Мылтық ату», «Қол күресі», « Асық ату» спорт түрлері бойынша ерлер мен қыздар арасында жарыс жалғасты.
10-16 қыркүйек арасында «Тіл достықтың айнасы» атты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының этнос жастары арасында Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасына «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 2 курс студенті Исаева А.К., «Музыкалық білім беру» мамандығының 2 курс студенті Алиева Залина Арбиевна қатысты. Мақсаты: Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, жастар арасында Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің қызығушылығын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін арттыру.