16 қыркүйек күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде дене тәрбие және спорт кафедрасының «Салауатты жастар-қуатты ұлттың негізі» атты 10 күндік денсаулық апталығының ашылу салтанатты өтті. Ашылу салтанатын «Руханият» еріктілер тобы флешмобпен ашып, колледж директоры С.М.Бахишева және кафедраның ардагер ұстазы Б.К.Набидоллин құттықтау сөз сөйледі. Кафедра меңгерушісі А.Г.Шапанов 10 күндік апталықтың жоспарымен таныстырып, «Кермеге тартылу» «Шалқадан жатып денені көтеру», «Мылтық ату», «Қол күресі», « Асық ату» спорт түрлері бойынша ерлер мен қыздар арасында жарыс жалғасты.