7 қаңтар 2023 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде педагогикалық кеңес өткізілді.
Педагогикалық кеңесте өзекті мәселелер қаралды:
1. 2022-2023 оқу жылының 1 жартыжылдығы бойынша оқу жұмысы нәтижелерінің мониторингі
2.Топ жетекшілерінің тәуекел тобындағы білім алушылармен жағымды ахуалды қалыптастыру жұмысы.
3.2022 жылы қараша айында колледжде жүргізілген аттестаттау нәтижелері қорытындысын талдау.
4.Колледждің бизнеске бағдарлануы және жобалық жұмыстардың жүргізілуі.
5. Әр түрлі мәселелер.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.М.Кенжегалиева жартыжылдағы оқу үрдісінің орындалуы, білім сапасы, колледжде жұмыс жасайтын оқытушылардың сандық және сапалық құрамына, білім алушылар контингентінің жағдайына тоқталды. Оқу жылы барысында оқуға қабылданған білім алушылардың осы уақытқа дейінгі қозғалыстары анықталып, мәліметі берілді. Білім алушылардың білім сапасын салыстырмалы түрде баяндады. Білім сапасының өткен жылмен салыстырғанда 14,5 пайызға өскенін атап көрсетті. Жарыссөз барысында топ жетекшілері мен пән оқытушылары әр студенттің білім деңгейі мен сабаққа қатысуы туралы өз пікірлерін ортаға салып, ортақ шешімдер шығарды.
Колледж психологы Н.Х.Курмангалиева «Топ жетекшілерінің тәуекел тобындағы білім алушылармен жағымды ахуалды қалыптастыру жұмыстары» туралы баяндама жасап, «Тәуекел тобын қалай анықтауға болады?», «Суицидтің алдын алу жолдары, топ жетекшілерінің студенттерге көмек беруі», «Жасөспірімдердің сауаттылығын арттыру» т.б. мәселелерге тоқталды. Топ жетекшілеріне студентпен сұхбат жүргізу, жастармен жүргізілетін жұмыстардың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды.
Педагогикалық кеңес барысында 2022 жылы қараша айында колледжде жүргізілген мемлекеттік аттестаттау қорытындысы талданды.
Колледж директоры А.Ж.Кайрлиева «Колледждің бизнеске бағдарлануы және жобалық жұмыстардың жүргізілуі» туралы мәселе көтеріп, нарық заманында колледждің болашақта өзін-өзі қаржыландыру жұмыстарының маңыздылығы мен қажеттілігін ашып айтып, ағылшын тілі курсын және баспахана ашу мүмкіндігін ұсынды. Басқа кафедраларға жаңа жобалар дайындауға, бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін стейкхолдерлерді тарту міндеттерін қойды. Студенттердің бизнес-жобаларын жүзеге асыру жолдары түсіндірілді. Колледж ұжымы аталған жобалардың сұранысқа сай, әрі мүмкін екенін айтып, қолдау білдірді.
«Оқуға құштар колледж» жобасы аясындағы жұмыстарға талдау жасалып, жоба жұмыстарына оқытушыларды, ата-аналарды, студенттерді қатыстыру жоспарланды. Кітапхана жұмысының, Студенттік Парламенттің, топ жетекшілерінің жоба аясындағы үздік жұмыстары талданды.
Кеңесте колледждің кәсіподақ комитетінің төрағасы Г.Б.Султанова бір жылдық жұмысының нәтижесі туралы колледж ұжымы алдында есеп берді. Ұжым мүшелері кәсіподақ комитетінің өткен жылғы жұмыстарына баға берді.
Кеңес соңында колледж директоры ұжымдағы мерейтой иелерін құттықтап, еңбектеріне ризашылық білдіріп, құттықтау хаты мен гүл шоқтарын табыстады.