Кәсіптік бағдар беру бағытында жүргізілген жұмыстар

Кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде Батыс Қазақстан облысының мектеп әкімшіліктерімен келісе отырып жыл бойы жүргізілді. Бұл жұмысқа Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» және облыстық, қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері тартылады. Биылғы жылы қаңтар,ақпан, наурыз айларында «ашық есік күні» айлығы ұйымдастырылды. Шараға қаланың № 1,2,5,6,8,10,12,22,42,47,46,30,19,17,45,44,34,21,23,16 ЖОББ мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Елбасының «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы міндеттерін орындаудың алғашқы қадамдары да басталып кеткендігі белгілі.

Аталған міндеттерді жүзеге асыру - мемлекеттің ғана емес, қоғамның әрбір мүшесінің міндеті, соның ішінде білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып отыр. Ол білім беру жүйесінде кәсіптік бағдар беру жұмысы арқылы жүзеге асады.

Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.

Кәсіптік бағдар беру жұмысына мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар, сынып жетекшілерімен қатар ата-аналар да қатысуы міндетті. Көптеген ата-аналар өз балаларының болашақ мамандығын таңдауда баласының білімін, қызығушылығын немесе таңдалған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысын ескермей кәсіптік бағыт береді. Сондықтан да мектептің ата-аналармен жұмыс жоспарында кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша әр түрлі ағартушылық шаралар орын алуы қажет. Ол ата-аналар жиналыстарында түрлі тренингтер, әлеуметтік, психофизиологиялық сауалнамалар, әңгімелер, дәрістер ұйымдастыру арқылы ата-аналардың балаларына кәсіби бағыт беру туралы көзқарасына, ұстанымдарына әсер етуге болады.

Аталған міндеттерді жүйелі орындау мақсатында Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде кәсіптік бағдар беру кабинеті жұмыс істейді. Әр бір оқу жылында кабинет жұмысының жоспары бекітіліп түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Колледждегі кәсіби бағдар беру жұмысының жүйесін негізгі 4 модулге бөліп қарастыруға болады. Олар: Кәсіптік ақпарат, кәсіптік ақыл-кеңес, кәсіптік іріктеу, кәсіптік бейімдеу

Кәсіптік ақпарат-

Мамандықтардың түрі, ерекшелігі, маңызы мен мәні туралы түсінік. Мамандыққа қойылатын талаптар. Дайындау барысындағы жасалатын жағдайлар. Қабылдау ережесі. Колледж түлектерін «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясындағы мемілекеттік қолдаулармен таныстыру. (Ашық есік күні, ата-аналар жиналысында, сынып сағаттарында жүзеге асады)

Кәсіптік ақыл-кеңес-

Мамандарға қажеттілік, оның даму келешегі. Балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын, қызығушылығын талдау негізінде 9-11 сынып оқушыларының назарына мамандықтарды ұсыну. Колледж түлектеріне түйіндеме дайындау, өзін-өзі жарнамалау бойынша кеңес беру. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, серіктес мекемелер мен білім беру ұйымдарының мамандары, колледж түлектері тартылады.

Кәсіптік іріктеу-

Мамандықты меңгеруге қызығушылығын, бейімділігін, дара ерекшеліктерін арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеулер жүргізу (сауалнама, әңгімелесу, тренингтер арқылы). Оқушылардың алдын-ала болжамдық білім деңгейін тексеру.

Кәсіптік бейімдеу-

Мектепте немесе колледжде мамандықтар бойынша үйірме, клуб, педагогикалық сынып жұмыстарын ұйымдастыру.

Жастардың алғашқы әсерлері, олардың педагогикалық еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуіне және мамандыққа қызығушылығының қалыптасуына жағдай жасау.

Атап айтсақ 2016-2017 оқу жылында кәсіптік бағдар беру кабинетінің жоспары бойынша 21.01-20.04 аралығында әр апта сайын колледжде «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Шараға каланың 25 ЖОББ мектебінен 9-11 сыныптардың 409 оқушысы қатысты. Мектеп оқушыларына 100 жылдан асқан тарихы бар білім ордасының тарихымен, мұражайымен, колледждің жетістіктерімен, колледждегі А.Бақтыгерееваның, және А.Таубаеваның дәрісханасымен, студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысының жетістіктерімен, жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталған оқу кабинеттерімен тансытырылды. Шара жоспар бойынша жүргізіліп колледж дайындайтын мамандық түрлерін студенттер презентациялап толық ақпарат берді. Кездесу мектеп оқушылары сұрақтар қойып, колледжде оқуға өздерінің қызығушылықтарын білдірді. Сонымен қатар Ж.досмұхамедов атындағы колледж талапкерлеріне арналған сауалнам жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде 207 оқушы колледж дайындайтын мамандықтарға қызығушылықтарын танытты.

Олар: 04 ақпан күні кафедраның меңгерушісі Г.С.Нұрашеваның ұйымдастыруымен қаладағы № 1,2,10, 30 ЖОББМ-дің 9,11 сынып оқушыларна колледждегі мамандықтармен таныстыру, оқушыларға болашақ мамандық және кәсіби бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында "Мамандық -өмірлік таңдау" тақырыбында кездесу өткізілді. Шараға 88 студент қатысты.

Әр түрлі мектептен келген оқушыларды бір-бірімен таныстыру, шараға қызғушылық ояту мақсатында тренинг өткізілді. Колледждің жетістіктері мен мамандықтары туралы презентация көрсетіліп, баяндалды. Мамандық таңдауға септігін тигізу мақсатында өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл-кеңесін айтуға "Бастауыш білім беру" мамандығы бойынша колледж түлектері Какимова Сандуғаш пен Қожанова Фарида шақырылды. Олар өздерінің еңбек жолындағы жетістіктерін өздері білім алған шаңырақ осы колледждің мамандар дайындаудағы тынымсыз еңбектің нәтижесі екенін дәлелді айта білді. "Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі" біліктілігінің түлектері, қазір Ресей Федерациясының ҚалМУ-дің 1-курс студенттері Сати Айгул мен кездесуге келіп, өз мамандықтарының ерекшеліктерін аша білді. Мектеп оқушылары үшін бұл нәтижелі жұмыс болды. 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» мамандығын 2пКДО, 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығын 2пКШО, 3аКШО топ студенттері көрініспен шебер көрсетіп жарнамалай білді. Біздің түлектеріміз, қазір қаладағы №21 ЖОББМ-тің бастауыш сынып мұғалімдері Какимова Сандуғаш пен Қожанова Фарида өз еңбектерінің жетістіктерін айтып қосымша ақпараттармен толықтырды. 0111000 Негізгі орта білім мамандығының 0111073 «Физика мұғалімі»

0111063 «Математика мұғалімі» біліктілігі, 1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша 3аМК топ студенті Абдеева Асемай презентациямен баяндады. Мектеп оқушыларымен мамандықтар туралы түсінііктерін толықтыру мақсатында педагогика, психология кафедрасының оқытушысы Зауреш Аманқосқызы қызықты тренинг өткізе білді. 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» Орынбасаров Жандос танысырып, өлең жолдарын мәнерлеп оқыса, 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығын таныстыруда 2аКШР топ студенттері өз шығармашылықтарын әнмен, өлең жолдарымен шебер көрсетті. 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандық студенттерінің жетістіктерін айтса,0106000 «Бейнелеу өнері және сызу», 0107000 «Технология» студенттері шеберлік сыныбын көрсетіп, студенттерді өз бұйымдарымен таңқалдырды.

0108000 «Саздық білім беру» мамандығының студенттері шара бойы өз өнерлерімен оқушыларды тәнті етті. Олар: «Атамұра» ансамблінің орындауында «Саранжап» күйі, Ермекқалиева Еңлік пен Нұртайдың баянмен музыкалық сәлемі, Күй: «Көреғұлы» -Губайдуллин Азамат, Ән: «Айша бибі»- Болатова Бұлбұл Оқушыларға мамандық таңдау туралы «Мамандық таңдаудың 7 қадамы» деген атаумен мамандырдың ақыл-кеңестері ұсынылды. Шара соңында колледждегі мамандықтарды таңдау бойынша арнайы сауалнам жүргізілді.

18.02.2017 күні жоспар бойынша кәсіби бағдар беру мақсатында «My college is my pride» ашық есік күніағылшын тілі кафедрасының ұйымдастырумен өтті. Ашық есік күніне №34 А.Тайманов атындағы мектеп-гимназиясы, №17, №6, 25 ЖОББМ-нен барлығы 48 оқушы қатысты.

Колледіжде ашық есік күні – дәстүрлі іс-шара, болашақ талапкерлерге әртүрлі мамандықтар бойынша ақпараттар беріледі.

Ағылшын тілі пәні оқытушысы А.Даулеткалиева оқушыларды колледждің тарихы бейнеленген мұражаймен,2008 жылы облыстық «Үздік қазақ тілі кабинеті» байқауында Гран-При иеленген ақын Ақұштап Бақтыгерееваның дәрісханасы және 2016 жылы ашылған Ақмаржан Таубаееваның мұражайымен таныстырды. Технология кафедрасы студенттердің еңбектерімен таныстырды. Н.Спашева мектеп оқушыларына интерактивті тақтада колледіждің 100 жылдық тарихы, мамандықтар туралы, электрондық оқыту ортасы, болашақ мұғалім моделі,мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушісінің мектепке дайындық моделі, отбасы моделі ,колледж жетістіктері туралы баяндады.

Іс-шара барысында ағылшын тілі кафедрасы, математика/ информатика кафедрасы, қазақ тілі мен әдебиет/ орыс тілі мен әдебиет кафедрасы, педагогика/ психология кафедрасы, музыка кафедрасы өз мамандықтары туралы баяндады.

«Музыкалық білім беру» мамандығының 4 курс студенттерінің өнерін тамашалауда

Студентердің жетістіктері республикалық деңгейде екені айтылды, мамандық бойынша көптеген ақпараттар берілді.

Ашық есік күнінің соңында колледжге №34 А.Тайманов атындағы мектеп-гимназиясы,

№6, 25 ЖОББМ –нен келген мұғалімдер сөз алып оқушыларға мамандық туралы жақсы мағлұмат берілгенін айтып алғысын білдірді. Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары М.С.Мукашев шараға келген оқушыларға мамандық таңдаудың жауапты іс екенін айтып, алдағы сынақтардан сүрінбей өтулеріне тілек білдірді. Сауалнама жүргізілді сауалнамаға №34 А.Тайманов атындағы мектеп-гимназиясынан 18 оқушы, №25 мектептен - 10 оқушы, № 6 мектептен-14 оқушы қатысты. Барлығы -42.Қорытынды: 42 талапкердің 34-іпедагогикалық мамандықты таңдау арқылы өздерінің қоғамдағы орнын беделді, үлгілі тұлғаболамыз деп ойлайды; 31-і колледж туралы ақпараттарды мектептердегі мұғалімдерден, колледжден келген оқытушылардан алғаны айтылса; мамандық таңдауда кейбір оқушылар бірнеше мамандықты белгілеген, бірақ көпшілігі мына мамандықтарды таңдаған: дене тәрбиесі және спорт - 7, негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі -10, математика мұғалімі -6, туризм -5, музыкалық білім беру-7 оқушы; 28 оқушыеліміздегі оқу орындары арасындағы біздің колледждің алар орнын беделді оқу орны және алдыңғы қатарлы деп бағалады.

11.03.2017. «Болашаққа жетелейтін колледж тақырыбында ашық есік күнімузыка кафедрасының ұйымдастырумен өтті. Ашық есік күніне №42 «Ақниет» мектеп-гимназиясы, №40, 45, 37 ЖОББМ барлығы 66 оқушы қатысты.

Кафедра оқытушылары С.А.Утешкалиев, А.А.Батырханова оқушыларды колледждің тарихы бейнеленген мұражаймен,2008 жылы облыстық «Үздік қазақ тілі кабинеті» байқауында Гран-При иеленген ақын Ақұштап Бақтыгерееваның дәрісханасы және 2016 жылы ашылған Ақмаржан Таубаееваның мұражайымен таныстырды. Технология кафедрасы студенттердің еңбектерімен таныстырды.

Колледждің №25 аудиториясында колледж директорының өндірістік істері жөніндегі орынбасары М.С.Мукашев мектеп оқушыларына 100 жылдық тарихы бар Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжге қош келдіңіздер дей отырып, мамандықтар туралы, электрондық оқыту ортасы, болашақ мұғалім моделі,мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушісінің мектепке дайындық моделі, отбасы моделі, колледж жетістіктері туралы баяндап, шарамызды ашып берді.

Ашық есік күні шарасын педагогика/ психология кафедрасы бастап, Т.Ө.Маденова 2аКДО, 2п КШО топ студенттері Н.Қуанышқали, Б.Батрашева, С.Байғали,А. Серіковалар «Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандықтарын презентация, көрініс арқылы таныстырды «Музыкалық білім беру » мамандығы студенттері Құрманғазының «Саранжап», Н.Тлендиевтің «Әлкисса» күйлерін орындап берді. Математика/ информатика, технология, физика мамандықтарын кафедра оқытушысы А.К.Каримова презентация арқылы таныстырды.

Ағылшын тілі кафедрасы оқытушысы Н.Ө.Ахметова мен 2 сКШИ студенттері Асқар мен Эльвира ағылшын тілінде диалог жүргізіп, ән, би, ойын және сергіту сәттері диалог негізінде хабарландырып, «Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі» мамандығын таныстырды.

Кафедралар таныстыру кезеңдері арасында «Музыкалық білім беру » мамандығы студенттері өз өнерлерін көрсетіп отырды. «Сувернир» сырнайшылар ансамблі (жет. В.А.Кожевников)

Қазақ тілі мен әдебиет мамандығын 2пКШК топ студенті Ж.Орынбасаров презентациясын көрсете отырып, өлең жолдарымен таныстырды.«Дене шынықтыру» мамандығын кафедра оқытушысы Қ.Б.Таубаев презентациясын көрсетіп, мамандық туралы қызықтыра баяндады.

«Өзін өзі тану» мамандығын 4курс студенті Ж.Бөкенбаева таныстырып, келген оқушылармен жылы қарым-қатынас орнату мақсатында ойын-тренинг ұйымдастырды. «Музыкалық білім беру » мамандығын 2аКШМ топ студенті Е.Алибеков презентация арқылы баяндады. Студентердің жетістіктері республикалық деңгейде екені айтылды, мамандық бойынша көптеген ақпараттар берілді.

Музыка кафедрасы оқытушыларының тәжірибелі ұстаздары оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологиялар туралы баяндалды. «Музыкалық білім беру » мамандығы студенттерінің қалалық, облысьтық, республикалық деңгейлердегі түрлі сайсытардың жүлдеді жеіңмпаздары екендігі, мамандықты бітіруші түлектердің 90 пайыздан астамы өз мамандықтары бойынша енбек етіп жүргендігі турал баяндалды. Ашық есік күнінің соңында С.А.Утешкалиев Ж.Досмухамедов атындағы колледж талапкерлеріне арналған САУАЛНАМА жүргізді. Шара соңында мектеп тәлімгерлері өз пікірлерімен бөлісіп, колледждің кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырған өңдірістік істрі жөніндегі орынбасары М.С.Мукашевқа, А.Ж.Отарбайға, музыка кафедрасы оқытушылары мен студенттеріне ризашылықтарын білдірді. Қорытынды: 66 талапкердің 54-іпедагогикалық мамандықты таңдау арқылы өздерінің қоғамдағы орнын беделді, үлгілі тұлғаболамыз деп ойлайды; 31-і колледж туралы ақпараттарды мектептердегі мұғалімдерден, колледжден келген оқытушылардан алғаны айтылса; мамандық таңдауда кейбір оқушылар бірнеше мамандықты белгілеген, бірақ көпшілігі мына мамандықтарды таңдаған: дене тәрбиесі және спорт - 7, негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі -10, математика мұғалімі -6, туризм -5, музыкалық білім беру-7 оқушы; 28 оқушыеліміздегі оқу орындары арасындағы біздің колледждің алар орнын беделді оқу орны және алдыңғы қатарлы деп бағалады.

25 ақпан күні колледжде жоспар бойынша кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша "Ашық есік күні" шарасы ұйымдастырылды. Шараны жаратылыстану кафедрасы жүргізді. Ашық есік күні шарасына № 19, 36 ,43 ,44 жалпы орта білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары барлығы 82 оқушы қатысты. Мектеп оқушыларына дәстүр бойынша колледждің тарихы, жетістіктері, студенттердің өмірі, оқу кабинеттерінің жаңа ақпараттық құрылғылармен қамтылғаны туралы ақпарат берілді. Шара барысында ағылшын тілі кафедрасының оқытушыларымен студенттері өздерінің өнерлерін көрсетті. Әр- бір мамандық студенттері слайд арқылы мамандықтарының жетістіктерін айтып түсіндірді. Мектеп оқушылары шараға қызығушылықпен қатысып шара соңында сауалнамаға өз жауаптарын берді. 20 ақпан күні педагогика, психология кафедрасы «Мамандық - өмірлік таңдау» тақырыбында кәсіптік бағдар беру мақсатында қалалық мектептерге "Ашық есік" күнін ұйымдастырды.

Шараның мақсат-міндеттері: оқушыларға болашақ мамандық және кәсіби бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі, соның ішінде мұғалімдік мамандық және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; Оқушылардың алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру;

Орал қаласындағы №1, №19, №23, №36, мектептерден келген оқушыларды Р.М.Ғалымова, колледж тарихымен, студенттер мен оқытушылар жетістіктері, жұмыстар мазмұнымен, кабинеттермен таныстыру жұмыстарын жүргізді. Әр кафедра мамандықтар бойынша презентация жасап, студенттерді дайындап, өз үлестерін қосты. Сауалнама қорытындысы бойынша студенттердің мамандықтарға деген сұраныстары мен қызығушылықтары болғаны анықталды.

Мұғалімнің қоғамда үлгілі, беделді болатынына көңіл бөлген.( 65пайызды көрсетіп отыр). Мамандық туралы колледжден келегн оқытушыларынан көбірек мәлімет алғанын жазған.(41 пайыз) "бастауыш білім беру"мамандығына 14 пайызы, бейнелеу өнері (10 пайыз) мен технология (12пайыз) мамандығына көбірек тілек білдірген.

Аудандар бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы, мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету әрбір кафедраға бөлініп жүктеледі. Сонымен бірге диплом алдындағы практика барысында әр студент өзі практикадан өткен мекемеде жұмыс істеп жүрген соңғы үш жылғы колледж түлектерінің кәсіби қалыптасудеңгейін анықтауға арналған №4 сауалнама өткізу, кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу жоспарға енгізілген. Осы бағытта колледж оқытушылары облысымыздың аудан, ауылдарын аралап кәсіби бағдар беру жүргізді. Педагогика және психология кафедрасының оқытушылары Г.С.Нұрашева мен А.Ж.Отарбай Ақжайық ауданын, ауылдарын аралап жалпы орта білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Жалпы аудан бойынша кәсіби бағдар беру жұмысына 7 ЖОББМ 188 оқушы қатысты.

 

Подстепный қазақ ЖОББ мектебінде өткізілген «Адам және табиғат» атты кездесу кешіне «Жаратылыстану және қоғамтану» кафедрасының оқытушысы А.Ғ.Төлеутаева Кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Кешке 8,9,10,11 сынып оқушылары (80 оқушы) және пән оқытушылары қатысты. А.Ғ.Төлеутаева кездесу кезінде 8,9,10,11 сынып оқушыларына колледжіміздің презентациясын және бейнеролигін көрсете отырып, білім ордамыз туралы жан-жақты мәліметтерді жеткізді. Оқушылар «Туризм», «Мектепке дейінгі білім беру», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Дене тәрбиесі және спорт», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарына өз қызығушылықтарын білдірді. Кеш соңында оқушыларға сауалнамалар, колледж туралы мәлімет парағы таратылып берілді.

17-сәуірде колледждің ағылшын тілі кафедрасының оқытушыларыУ.А.Алтаева мен Н.Б.Ешмуханова Сырым ауданын аралап кәсіби бағдар бері жұмысын жүргізді. Аудан бойынша 5 мектепте 9-11 сынып бітіруші 98 оқушыға ақпарат берілді. Кәсіби бағдар жұмысын жүргізу барысында мектеп бітіруші түлектерге Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж туралы мәліметтер қазақ тілінде бейнеролик арқылы беріліп, оқытылатын негізгі және қосымша мамандықтар, колледждің тарихы, оқытушылары жөнінде ақпараттар беріліп, мектеп түлектері оқуға шақырылды. Сондай-ақ, мектеп оқушыларына сауалнама жүргізілді. 100ден астам мектеп бітірушілеріне жүргізілген сауалнама сұрақтарына қарап қорытынды шығаратын болсақ, оқушылардың көпшілігі кәсіби білім беру, математика, дене шынықтыру және спорт, туризм т.б. мамандықтары бойынша қызығушылықтарын танытты және өздерін мазалап жүрген сұрақтарға жауап алды. Нәтижесінде, 9-сынып бітірушілер арасында «Дене шынықтыру және спорт», «Өзін-өзі тану» мамандықтары бойынша оқуға келетіндерін айтты. Қалған оқушылар ойланып, бір шешімге келмегендерін және ата-аналарымен ақылдасатындарын айтты. 11сынып оқушыларының барлығы дерлік алдымен ЖОО бақтарын сынап көретінін айтты. Бірақ олардың арасында педагог мамандығын таңдап колледжден білім алғылары келгендерін баяндады.

28- 29 сәуір күндері «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының оқытушылары Жаңақала ауданының Пятимар ЖОББМ, Е.Ш.Орақбаев атындағы ЖОББМ, №3ЖОББ қазақ мектебі, Жаңақала ЖОББМ, Карманов ЖОББМ, Д.Нұрпейісова атындағы ЖОББМ, Жаңақала мектеп – гимназиясында, Айдархан ЖОББМ, С.Меңдешев атындағы ЖОББ мектептерінде кафедра оқытушысы Е.Б.Мажитов пен А.Қ.Кайбалиев оқытушылары іссапарда болып, кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Барлығы 76 оқушыға Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі дайындайтын мамандықтар туралы толық ақпарат берілді. Мектеп оқушылары Дене тәрбиесі және спорт, Бастауыш мектеп мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына қызығушылықтарын білдірді. Сонымен қатар оқушыларға сауалнама жүргізілді.

22 -23 мамыр аралығында филология кафедрасының оқытушысы А.Б.Джамбаева 2аКШР тобының студенттерімен бірге Зеленов ауданын аралап Кушум ЖОББМ, Үлкеншаған ЖОББМ, Щапов ЖОББМ, Камен ЖОМ, Переметный ЖОМ, Серебрекова ЖОМ, Круглоозерный ЖОББМ, барлығы 267 оқушыға кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. А.Б.ДЖамбаева мектеп оқушыларына мамандықтң дұрыс таңдаудың маңызын түсіндірді. Оқушылардың назарына коллледж туралы бейне ролик ұсынылды. Колледж студенті Д.Танатаров, Е.Донскова мамандықты таңдауда қателеспегендіктерін осы оқу орнында оқитындарын мақтанышпен айтып колледждегі студенттік өмірдің қызық кезеңдерін әңгімелеп берді. Оқушыларға жүргізілген сауалнама нәтижесінде 56 оқушы колледжде оқуға қызығушылық білдірген.

22-23 мамыр аралығында жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы Қ.Х Мажитов Тасқала ауданының 7 мектебінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында барлық оқу орнының басшылары мен мектеп ұжымдары мектеп оқушылармен кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырып қолдау білдірді. Кездесу барысында мектеп оқушыларына бейнеролик және слайд арқылы колледж тарихы, жеткен жетістіктері және колледж жатақханасы жөнінде толық мәлімет берілді. Сонымен қатар 2017-2018 оқу жылында қабылданатын мамандықтар жөнінде толық мәлімет беріліп, мамандықтар жөнінде ақпарат үлестірілді.

Жалпы кәсіптік бағдар беру жұмысына 269 талапкер қатысты: С.Жақсығұлов атындағы ЖОББМ – 18 талапкер; Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ – 67 Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ – 44 талапкер;талапкер; «Сәулет» мектеп-лицейінен – 59 талапкер; Шежін ЖОББ мектеп-балабақшасынан – 29 талапкер; Амангелді ЖОББ мектеп-балабақшасынан – 24 талапкер; Ақтау ЖОББ мектеп-балабақшасын – 28 талапкер.

Төменде аталған мамандықтар бойынша колледжге 53 талапкер оқуға келуге ниет білдірді: Бастауыш білім беру – 6 Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту – 6 Физика мұғалімі – 3 Математика мұғалімі – 5 Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі – 7 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі – 2 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі – 2 Бейнелеу өнері және сызу – 2 Дене тәрбиесі және спорт – 10 Музыкалық білім беру – 3 Ақпараттық жүйелер – 7

Сонымен қатар бекітілген жоспар бойынша әрбір әдіскер өз топтарының практика базаларында кәсіби бағдар беру жұмыстарын мектеп әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырады. Ол жұмыстың мазмұны сыныптан тыс сағаттар өткізу, ата-аналар жиналысына қатысып мамандық таңдау мәселелеріне байланысты баяндамалар оқу, мамандықтар бойынша жарнамалар тарату. Осы оқу жылында 8 әлеуметтік серіктес базасында әдіскерлер мен студенттер сыныптан тыс сағаттар мен ата-аналар жиналысында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

23-24 мамыр аралығындаФилология кафедрасының оқытушысы А.А. Жолдасова Қаратөбе ауданының 6 мектебінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында барлық оқу орнының басшылары мен мектеп ұжымдары мектеп оқушылармен кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырып қолдау білдірді. Кездесу барысында мектеп оқушыларына бейнеролик және слайд арқылы колледж тарихы, жеткен жетістіктері және колледж жатақханасы жөнінде толық мәлімет берілді. Сонымен қатар 2017-2018 оқу жылында қабылданатын мамандықтар жөнінде толық мәлімет беріліп, мамандықтар жөнінде ақпарат үлестірілді. Жалпы кәсіптік бағдар беру жұмысына 162 талапкер қатысты:Мұхит атындағы ЖОББМ – 42 талапкер;

Қаратөбе мектеп – гимназиясында– 29 талапкер;Шөптікөл ЖОББМ – 27 талапкер;

Соналы ЖОББМ – 12 талапкер;Үшағаш НОМ– 19 талапкер;Қалдығайты ЖОББМ– 24 талапкер;Төменде аталған мамандықтар бойынша колледжге 66 талапкер оқуға келуге ниет білдірді:

1. Бастауыш білім беру – 6

2. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту – 6

3. Физика мұғалімі – 3

4. Математика мұғалімі – 5

5. Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі – 7

6. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі – 2

7. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі – 7

8. Бейнелеу өнері және сызу – 2

9. Дене тәрбиесі және спорт – 16

10. Музыкалық білім беру – 5

11. Ақпараттық жүйелер – 7

Әдіскерлер қаланың № 1,2,4,5,6,10,17,19,22,37,46,34,45,12 ЖОББмектептерінде ұйымдастырылған түрлі практика барысында әдіскерлдер кәсіби бағдар беру жұмысын жүзеге асырды. Колледж әдіскерлері кездесу барысында. 2017-18 оқу жылына қабылдау шарттарымен таныстырды. Оқушыларға колледж туралы бейнебаянды тамашалатып, коледжіміз жөнінде презентация арқылы ақпараттар беріп, колледж оқытушыларының сапалық құрамы, колледжде атқарылатын оқу-тәрбие жұмыстары туралы әңгімелеп, «Бастауыш білім беру мұғалімі», «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру», «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» (11-класс негізінде) , «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Дене тәрбиесі және спорт», «Математика мұғалімі», «Физика мұғалімі», «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі", "Өзін-өзі тану мұғалімі», «Технология» «Саздық білім беру», «Ақпараттық жүйелер» т.б. мамандықтары туралы толық мәліметтер беріп, колледжімізде білім алуға жан-жақты жағдайлар қарастырылғанын, жатақхана күрделі жөндеуден өткендігін, ең алдыңғы қатарлы республикадағы педагогикалық білім беру ордасы екендігін және 100 жылдық тарихы, ешкімді қайталамайтын өзіндік дәстүрі бар оқу орны екенін айтып, мектеп бітіруші түлектерді колледжімізде білім алуға шақырып, қойған сұрақтарына жауап беріп, негізгі мектеп базасында биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша беріліп отырған мамандықтар туралы толық ақпарат беріп жұмыстанды.

Сонымен қатар бекітілген жоспар бойынша әрбір әдіскер өз топтарының практика базаларында кәсіби бағдар беру жұмыстарын мектеп әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырады. Ол жұмыстың мазмұны сыныптан тыс сағаттар өткізу, ата-аналар жиналысына қатысып мамандық таңдау мәселелеріне байланысты баяндамалар оқу, мамандықтар бойынша жарнамалар тарату.

№1 ЖОББМ – те кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Мақсаты: оқушыларға колледждегі әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктерін жүйелеу, тереңдету. Талапкерлерге қойылатын талаптармен таныстыру. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беру. Кездесу мектептің дәлізінде ұйымдастырылды. Кездесуге қаламыздағы оқу орындарының өкілдері, оқушылар мен олардың ата-аналары қатысты. Олардың назарына 2017-2018 мамандықтар бойынша күндізгі және сырттай оқу бөлімдеріне қабылдау ережелері ұсынылды. Сонымен қатар листовкалар таратылды. Кездесу барысында ата – аналар мен негізгі мектеп түлектеріне кәсіптік ақыл-кеңестер берілді. Кездесуге келгендердің барлығы мемлекеттік тапсырыс бойынша болатын мамандықтарға үлкен қызығушылық танытты. Оқушылардың басым көбі «Дене тәрбиесі және спорт», «Шетел тілі мұғалімі», «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандықтарын таңдады.

Олар: Қалалық №4ЖББОМ – тің әкімшілігінің шақыруымен қосымша кәсіптік бағдар беру жұмысын кафедра меңгерушісі Б.Қ.Набидоллин 9-11 сынып оқушыларымен кездесіп оқуға ниет білдірген оқушыларға оқуға түсудің ережелерімен таныстырып, кафедрада оқып жатқан үздік спортшылар туралы ақпараттар берді.

Практика мезгілінде №40 ЖББОМ әдіскер Б.Қ.Набидоллин, №1 ЖББОМ әдіскер А.С.Сабиева, №10, №30 ЖББОМ әдіскер Н.З.Утегалиев, №2 ЖББОМ әдіскер Қ.Б.Таубаев, №47 ЖББОМ әдіскер Е.Б.Мажитовтар қала мектептерінің оқушыларымен, сынып жетекшілерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Бұл мектептегі оқушылар биылғы оқу жылында «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының мемлекеттік тапсырыс болмасада мамандықты қалайтындарын білдірді. Е.Б.Мажитов облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мектеп – интернатында кәсіптік бағдар беру жұмысын 9-11 сынып оқушыларымен жүргізді. Бұл шараға үш 9 сынып және екі 11 сынып барлығы 46 оқушы, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жазира Айтжанқызы Сейтенова қатысты. Шара соңынан үш ата – ана келіп, балдарының осы мектепте оқитындығын айтып колледжге түсу ережелерін анықтап сұрады. Оқушылар біздің колледжен шыққан және оқып жатқан спортшыларды жақсы білетіндіктерін, осы колледжге оқуға ниеттері бар екендігін, әсіресе, ескек есу, ауыр атлетика, шорт – трек спорт түрлерімен айналысатын спортшылар өз сұрақтарын қойып нақты жауаптар алды.

Жаратылыстану кафедрасының оқытушысы А.Т.Зайнуллина №33мектеп оқушыларына колледжда дайындалатын мамандықтар туралы ақпарат берді. Жалпы 9-11сынып бойынша оқушы саны 41, қатынасқан. Оқушылардың назарына бейнеролик арқылы оқушылар колледж ғимаратымен және ондағы мүмкіндіктер жөнінде визуальды ақпарат алды.Сонымен қатар оқушыларға колледжде дайындалатын мамандықтар жөнінде жарнама парақшалары тартылды және сауалнамалар беріліп толтырылды. Оқушалар тарапынан мынадай сұрақтар берілді: грантқа неше орын бөлінетіні, Шығармашылық емтихан кезінде қандай нормативтер тапсырылатыны жөнінде қойылды. 9сынып оқушыларының ішінде қазіргі кезде ҰБТ талаптарының өзгеруіне байланысты, осы 9 сыныптан кейін колледжге түсу ниеті бар екендіктерін білдірді.

29 қаңтар күні оқытушы Т.У.Маденова №32 мектептің акт залына 9-10-11 сынптардың ата-аналары шақырылған жиналысқа қатысты. Кәсіптік бағдар беру жиналысына өзге оқу орындарының соның ішінде Орал мұнай-газ колледжі, ЗКИТУ, Орал ақпараттық-технологиялық колледжі қызметкерлері қатысты.Мектептің тәрбие жөніндегі директордың орынбасары келген қонақтарды мектептің контингенттімен таныстырып өтті. Биыл оқу жылында 9 сыныпты 4 топ бітіреді, ал 11-сыныпты -2 топ аяқтайтынын айтты. Мектепте 10 сынып базасында 2 топ бар, бұл мектеп орыс тілінде білім беруде. Жалпы оқушылар саны-128. Кәсіби бағдар беру басында колледж тарихымен, оқу-тәрбиелік жұмысымен және мамандық түрлерімен таныстырды. Барысында ата-аналар сұрақтар қойды:

Колледжді бітірген бойда, студенттердің әрі қарай университетте білім алудағы мүмкіндіктері қандай?

Ақылы топтардағы оқитын студенттерге қандай көмек көрсетіледі?

Мамандық бойынша машық базалары қайда болады?

Үйірмеге қатысатын студенттердің жетістіктері бар ма?

Дипломды алған соң студенттер жұмысқа қалай орналасады?

Қосымша мамандық сертификаттарынан көмек барма?

Диплом алған бойда студенттер мамандық бойынша 3 жыл жұмыс жасаулары міндетті ма? Оқытушы Т.У Маденова оқушылардың сұрақтарына дұрыс жауап беруге тырысты.

Асан Тайманов атындағы №34 ЖОББ мектебінде ағылшын тілі кафедрасының оқытушысы Ш.Е.Мұхтарова кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Кәсіптік бағдар жұмысына мектептің кәсіптік жұмыс жөніндегі меңгерушісі Г.М.Саркенова, 9а, 9б, 9в сынып жетекшілері, 65 оқушы қатысты. Г.М.Саркенова оқушыларға кәсіп таңдау, мамандық туралы ақпарат беріп, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжге оқуға баруға шақырды. Кәсіптік бағдар жұмысында оқушыларға колледж туралы презентация көрсетіліп, мамандықтар, колледждің оқу-техникалық базасы туралы айтылды. №34 ЖОББМ мен Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж арасындағықалыптасқан әріптестік туралы айтылып, осы мектептің колледжде оқитын оқушылары жөнінде мәліметтер берілді. Оқушыларға листовкалар таратылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

№25 жалпы білім беретін аралас орта мектебінде Кәсіби бағдар жұмысын жүргізу жоспарына сай колледж оқытушылары З.Е.Ахметова мен Н.Б.Ешмуханова мектеп бітіруші түлектермен кездесіп кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Кездесуге 9, 11 сынып оқушылары қатысты. Сауалнама сұрақтарына қарап қорытынды шығаратын болсақ, оқушылардың көпшілігі кәсіби білім беру, математика, дене шынықтыру және спорт, туризм т.б. мамандықтары бойынша қызығушылықтарын танытты және өздерін мазалап жүрген сауалдарға жауап алды.

№47 ЖОББ мектебіне Оқытушы Б.Құрманғалиева кәсіптік бағдар жұмысымен барды. Бітіруші 9-11- сынып оқушыларымен кездесіп, колледж туралы толық мағлұмат бере отырып, мектеп бітіруші түлектерді колледжімізде білім алуға шақырып, қойған сұрақтарына жауап беріп, негізгі мектеп базасында биыл ашылатын ақысыз оқу жөнінде әлі де өзгерістер болатынын түсіндірді.

№ 6 ЖОББ мектепте байқау практикасы кезінде орыс тілі пән оқытушысы А.Б.Джамбаева мектептің ата-аналар жиналысына қатысып колледжде дайындалатын мамандық туралы толық ақпарат берді. 9-11 сынып оқушыларымен кездесіп кәсіби бағдар берді.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 109

Вчера 148

На этой неделе 656

В этом месяце 2936

Всего 177321

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска