19 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясының төрағасы Ахметбаев Асхат Сайынұлы, Филология кафедрасының оқытушысы п.ғ.к. Ниязғалиева А.А., университет психологы, бөлім лаборанты келіп, колледждің 2018 жылғы бітіруші түлектермен кездесу шарасы өтті. Шара барысында 2018-2019 оқу жылының қабылдау ережелерімен таныстырып, ондағы ережелер, мүмкін болатын қателіктер, тапсырмаларға берілетін жауаптардың бағалану ерекшеліктері туралы ақпараттармен толық айтты. Университет психологы педагогикалық жағдаяттарға шешуге байланысты тренинг өткізді. Колледж түлегі п.ғ.к. Ниязғалиева А.А студенттерге оқу барысындағы жасалынатын жеңілдіктер, әлеуметтік жағдайлар, атаулы степендиялар, университеттің кітапхана қорлары туралы баяндады.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің кәсіптік білім беру кафедрасының доценті Байдалиев Қуандық Абуталіпұлы, колледждің технология, ақпараттық жүйелер топтарының студенттеріне университтетің қабылдау ережелері туралы айтып, жарнамалық үлестірмелі материалдар, нұсқаулықтар берді.
Жалпы шараға колледжді бітіруші топтардан 63 студент қатысып, өздерінің қабылдау ережесіне, емтихандарға байланыстысұрақтарын қойды.
20 сәуір күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің кәсіптік бағдар беру жұмысының менеджері Р.Ислямов және университеттің педагогикалық факультетінің п.ғ.к. Г.К.Жунисова бітіруші түлектермен кездесу шарасына қатысты. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің кәсіптік бағдар беру жұмысының менеджері Р.Ислямов тілдер және менеджмент факультетінің қабылдау ережелерімен, кешенді тест тапсыру ережелері және емтиханнан өту баллы-35, оқытудың үш тілде жүретінін, оқу орнының белсенді студенттеріне жеңілдіктер бар екенін айтты.
Сонымен қатар, Самара қаласында 1 жыл оқып, 2 курста ауысу мүмкіндіктерінің бар екендігі айтылды. «Аударма ісі», «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс студенттері С.Кеңес, А.Каримов оқу орнының «Евразия-TV» орталығының дайындаған бейнебаяндарын көрсетті. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің п.ғ.к. Г.К.Жунисова педагогикалық факультетінің дайындайтын мамандықтарының түрлеріне тоқталып, қабылдау ережесі бойынша студенттердің сұрақтарына жауап берді. Оқу орындары туралы үлестірмелі материалдарын, альбом, презентацияларын көрсетіп, үлестірді.
Шараға биылғы колледжді бітіруші «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру», «Математика мұғалімі», «Физика мұғалімі», «Музыкалық білім беру», «Спорт жаттықтырушысы-оқытушы» мамандықтарының 55 түлегі қатысты. «Музыкалық білім беру» мамандығының студенттері «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығына, «Математика мұғалімі», «Физика мұғалімі» мамандығының студенттері «Есеп және аудит» мамандығына қызығушылық танытты.