Колледж студенттерінің діни экстремизм және терроризмнің алдын алу, қазақстан халқының дәстүрлі мәдени құндылықтарына сай келетін сананы қалыптастыру үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары және «Жусан 3» операциясы аясында елге оралған азаматша қатысты.

Топтарда құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесулер және колледж инспекторы Нұрбек Аманжолұлы Қадыровпен кездесу өтті. Топтарда елімізде орын алған қылмыстық оқиғаларды талдау, құқықтық сауаттылығын арттыру тәрбие сағаттары өтті. Топ жетекші Таубаев, А.А.Мұратбековалар өз топтарын сот ғимаратына апарып, арнайы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын өткізді.

24 желтоқсан күні құқықтық және патриоттық тәрбие бағытында Орал қаласының №2 мамандандырылған қалалық сотына экскурсияға барып, сот жүйесіндегі реформалармен танысты.

 

25.11-29.11.2019 күні 19.00-22.00 уақыт  аралығында ДӘІЖО К.Х.Мажитов, ДТІЖО Р.М.Ғалымова, әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова БҚО Білім басқармасының шығыс хатына сәйкес, кәмелетке толмағандардың арасында  қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған бірлескен алдын алу шараларын жүзеге асырылуына байланысты Орал қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция бөлімінің ювиналдық полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Гребенюк Александр Владимирович, полиция майоры Насетов Кенжебек және полиция капитаны Атамбаев Аслан Сүлейманұлымен бірге «City-center» сауда орталығына түнгі рейдқа шықты. Тексеріс барысында кәмелет жасына толмаған студенттердің түнгі мезгілде сауда орталықтарында, көшелерде мезгілсіз жүруіне байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған «Еркіндігім, қасиетім, қастерлім» тәрбие шарасына 1аСП және 3аКШО топтарымен біріге отырып ардагер ұстаздарымыз Естұрсынова Мадина Кенжебековна, Нұғыманов Максим Капаевич, Набидоллина Шолпан Сағатовна қатысты. Ашық тәрбие сағаты барысында студенттер өздерінің жыр жолдарымен, төл туындырын оқыды, әр топқа викториналық тарихи сұрақтар қойылды.

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 3асМК, 3асКИНФ, 2апКИНФ топтары арасында «Тәуелсіздік таңы» атты интеллектуалды сайыс өтті. Әділ-қазылар алқасында 3асМК тобының жетекшісі Бекенова С.С., 3асКИНФ тобының жетекшісі Сұлтанова Г.Б., 2апКИНФ тобының жетекшісі Молдагалиева А.А. болды. Сайыс 4 кезеңнен тұрды:

1 кезең-Таныстыру;

2 кезең- Брейн ринг;

3 кезең-Не? Қайда? Қашан?;

4 кезең-Еліміздің ертеңі болар қазақ жастары. Сайысқа әр топтан 6 студент қатысып, Тәуелсіздікке дейінгі, Тәуелсіздік таңындағы және Тәуелсіздік жылдарындағы Еліміздің тарихы, мәдениеті, ғылымы мен білімін қамтитын түрлі сұрақтарға жауап берді. Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталды.

13 желтоқсан күні «Тәуелсіздік ұрпақтары» тақырыбында Тәуелсіздік күніне арналған мотивациялық кеш ұйымдастырды. Шараға 1аКДО, 1сКДО топ студенттері қатысты. Кеш қонағы Женисова Альфия Сырымкожиевна – БҚО Жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі, психология пәндерінің аспиранты және Кемешев Даурен Галымжанович – Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің педагогика, психология кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, «Ұлағат» дебат клубының жетекшісі.

Женисова Альфия Сырымкожиевнаға сұрақтар:

  • Сіздер үшін Тәуелсіздік деген не? Қандай оқиғамен мақтанасыздар?
  • Жастар жылында қандай қолдауларға ие болдыңыз? Жастар саясаты туралы ойыңыз.
  • Егер сіз желтоқсан оқиғасы тұсында студент болып, саналы жас болсаңыз, желтоқсан оқиғасына қатысуыңыз мүмкін бе? Оқиғаға қатысу мақсатыңыз қандай болмақ?
  • Жастарға қазіргі кезде не қажет деп ойлайсыз, қазіргі студенттерге ұсыныс,тілегіңіз.

Кемешев Даурен Галымжановичке сұрақтар:

  • Сіз үшін Тәуелсіздік деген не? Қандай оқиғамен мақтанасыз?
  • Егер әкім болсаңыз, еліңізге қандай көмек көрсетер едіңіз?
  • Егер сіз желтоқсан оқиғасы тұсында студент болып, саналы жас болсаңыз, желтоқсан оқиғасына қатысуыңыз мүмкін бе? Оқиғаға қатысу мақсатыңыз қандай болмақ?
  • Жастарға қазіргі кезде не қажет деп ойлайсыз, қазіргі студенттерге ұсыныс тілектеріңіз

Шара соңында рефлексия жасалды. Студенттер шарадан өзі үшін алған «+3 жағымды ойын» айтып өтті.

2019 жылдың 11.11.-12.12. күндері аралығында  «Болашаққа бағдар: Туған жерге-тағзым» тақырыбы аясында Қазақстандағы Жастар жылына орай ТжКББҰ арасында «Жастар-қоғамның жарқын болашағы» атты облыстық фестиваль ұйымдастырылды. Фестивальды өткізу кестесіне сай 19 қараша күні колледжде өткізілді. Мақсаты-ТжКББҰ студенттерінің туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мен қазақ халқының және Қазақстанда тұратын өзге де ұлт өкілдерінің тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін насихаттау, дәріптеу. Білімді, креативті, жаңаша ойлай білетін жастарды, инновациялық жобаларды, үздік шығармашылық жұмыстарды анықтау. Колледж жетістіктерін қолдау, озық іс-тәжірибелерін тарату арқылы жастарды жаңа қазақстандық патріотизм рухында тәрбиелеу мақсатындағы тәрбие жұмыстарын жүйелеу. Фестивальдің І-кезеңі бойынша «2019 жыл-Жастар жылы» тақырыбында үздік бұрыштама дайындау бойынша көрме жасалды. Көрмеге колледжде жүзеге асырылып жатырған жобаларды, олардың материалдары, қолөнер жұмыстары қойылды. Инновациялық жобалар бойынша «Жаһанша жолымен», «Студенттер үйі- өз үйім», «Қайырымдылық» жұмыстары бойынша презентациялар дайындалып, баннерлер жасалды. ІІ-кезең «Туған елім-мақтанышым» тақырыбы бойынша концерт тік бағдарлама дайындалды. Концерттік бағдарламаны «Музыкалық білім беру» мамандығының студенттері мен оқытушылары дайындап, патриоттық тақырыпта жеке, дуэт, трио, топ ретінде эстрадалық ән және дәстүрлерді  жоғары деңгейде орындады және қазақ биі, достық билерін көркемдік ерекшелікпен орындады. Фестиваль нәтижесінде «2019 жыл-Жастар жылы» үздік бұрыштама номинациясының лауреаты атанды.

ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Еліміздің еркіндігі-Тәуелсіздік!» атты тәрбие сағаттары

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 121

Вчера 213

На этой неделе 991

В этом месяце 2795

Всего 190368

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска