04 қыркүйек 1-курс студенттерінің жаңа өмір жағдайларына бейімделулеріне байланысты колледжіміздің «Өзін өзі басқару» ұйымының ерікті студенттері жастар ісі комитетінің жетекшісі Махамбетова Айнаш Махамбетованың жетекшілігімен студенттерге арнап тренинг өткізді. Тренинг бағдарламасы бойынша танысу мен топ тұтастығына байланысты ойындар мен жаттығулар жүргізілді. Мұндай ойындар барлық қатысушылардың көңіл-күйлерін көтерді. Тренингтің мақсатына – топ құра білу, бірінші курс студенттерінің бір-бірімен, жоғары курс студенттерімен танысулары жатты. Іс-шара жоғары әдіснамалық деңгейде өтті. Студенттер өздерінің өмір дағдарыстарынан құтылу жолдарын тыңдады және ойындар ойнады. Қойылған мақсаттар жүзеге асырылғанын атап өту қажет. Ерікті-студенттер семинар-тренингті өткізу кезінде оқытудың белсенді әдістерін қолдана білді. Өздерінің коммуникативтік қабілеттері мен тиімді қатынас дағдыларын қолдана білді.Бірінші курс студенттері ерікті студенттерге іс-шараның өткізілуіне алғыстарын білдірді және психологиялық мәдениетті арттыратын осындай тренингтердің пайдасын атап өтті.

25-26 ақпан күндері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез – құлықтың үлгісін қалыптастыру жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау мақсатындағы «Жаһанша – адалдық алаңы» жобасы аясында студенттер арасында сурет және эссе байқаулары өтті. Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз ойларын және колледждегі «Академиялық адалдық алаңы» жұмысының тиімділігін өз шығармашылықтарымен жазылған эсселерде және суреттерінде ашып көрсетті. «Үздік» деп танылған суреттер мен эсселерге арнайы мараппаттар дайындалды.

27 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті ұсынысымен педагогикалық колледжде ашылған «Парасаттылық мектебі» өз жұмысын жалғастыруда.
Бүгінгі облыстық семинарда біз өз тәжірибемізбен облыстың жоғары және арнаулы оқу орындары басшылары және студенттерімен бөлістік.Студенттер ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша Департамент басшысы Р.С.Ақмырзаевпен, "Nur Otan" партиясы БҚО филиалының төрағасының орынбасары М.Р.Мұқаевпен бір дөңгелек үстел барысында пікір алысу мүмкіндігіне ие болды."ЖаҺанша адалдық алаңы" аясында студенттердің жемқорлыққа қарсы көзқарастарын білдіретін үздік суреттер мен эссе байқауының жеңімпаздары анықталды.
«Парасаттылық мектебі» тыңдаушылары облысқа белгілі ғалымдар мен практиктердің өзекті тақырыптардағы шеберлік сағаттарына қатысты. Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесімен танысты, шетелдегі білім саласындағы адалдықты қамтамасыз ету жұмысымен Кристиан Сорилья таныстырды. Бұл істер жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыруға, жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындауға жол ашады.

19 ақпан күні 1-2 курс студенттерін қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құықытың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар – намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге студенттердің құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру мақсатында БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметінің психолог-инспекторы Сарманов Миржан Жұмағалиұлы және колледж жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторы Қадыров Нұрбек Аманжолұлымен кездесті. Кездесу барысында түрлі қылмыстар жасап түзету мекемелерінде отырған жөспірімдердің өмірі жайлы бейнероликтерді тамашалап өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар студенттер келген қонақтарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Адамгершіліктің, ізгі қасиеттері мен ар–ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтары мен міндеттерін білуге бағыттайтын құқықтық тәрбие шаралары әлі де өз жалғасын табады.

Нұрлы күн мен ашық аспан, бейбітшілік таңды, арыстандай алысқан жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, «Біз жеңіс-мұрагерлеріміз» атты акцияға колледж оқытушыларымен студенттеріде қатысып, 13 ақпан күні ұлы қолбасшы, Кеңес Одағының маршалы, төрт дүркін Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысы кезінде аты аңызға айналған Георгий Константинович Жуковтің ерлігіне тағзым етті. Тыл еңбеккері Красников Николай Григориевич студенттерге әр кезде батырлық пен ерліктің, қаһармандық күрескен батырларымызға құрметпен қарап, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың белгісін көрсету парыз екенін айтты. Студенттеріміз ерлікке тағзым етер ыстық ықыласпен жүрек жарды өлеңдер оқып, гүл шоқтарын қойды. Ізгі ниетпен адамзат баласы мерекелейтін осы күннің тууына еліміздің айтулы үлес қосқанын біз әрқашан мақтан етеміз.

06 ақпан күні «Ұрпақтар ұмытпайтын-Ұлы жеңіс!» атты ардагер- ұстаз Красников Николай Григориевичпен кездесу өтті.

06 ақпан күні ҰОС Жеңістің 75 жылдығының ашылу салтанатына арналған «Аталар ерлігін дәріптеу» атты ҚР журналистер одағының мүшесі, БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының инспекторы, Батырханов Ахмедияр Қуанұлы және ғылыми зерттеуге көмек көрсету қорының директоры Құрымбаев  Айболат Шамұратовичпен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттерге соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісін және ұрпаққа аталар ерлігін дәріптеу мақсатында қызмет етіп жүрген,  2009 жылдан бері ҚР журналистер одағының мүшесі, БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының инспекторы Батырханов Ахмедияр Қуанұлы өлке тарихын зерттеу, іздестіру жұмыстарына белсене араласып, жеткіншек ұрпақты патриоттық  және ізденімпаздық бағытта тәрбиелеу жұмысына қосып жүрген үлестеріңіз туралы ой бөлісті.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 100

Вчера 213

На этой неделе 970

В этом месяце 2774

Всего 190347

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска