Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 4асФК тобы №50 жалпы орта білім беретін мектепте, Суйнгалиева Г.К., Султанова Г.Б. әдіскерлер жетекшілігімен байқау практикасынан өтті. Мектепке практика барысында сабақ беріп, сыныппен жұмыстанып, сонымен қатар, түрлі сыныптан тыс шаралар ұйымдастырды.
Соның бірі, 9-сыныптар арасында «Bilim start» атты интеллектуалды сайыс. Шара мақсаты: оқушылардың физика және информатика пәндеріне қызығушылығын арттыруға, ойлау қабілеттерін дамытуға және бір-бірімен достық туын желбірете отырып, араласуға дағдылау.
Кезеңдеріне сай таныстырылым, сұрақтарға дұрыс жауап беру және көрермендер мен қатысушыларға қызықты болған зертханалық тәжірибе ұсынылды. Оқушыларға телефон арқылы штрихталған баспаны табу, әуендерден жасырылған физика-информатика бағытындағы заңдылықтарды іздеп, табу кезеңдері қатты ұнады.
Қорытындылай келе, студенттердің практикаға дайындығы, оқушылар арасында оздырылған шаралар, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.