11.10.2022 күні студенттер үйінде колледж психологы Құрманғалиева Назерке Хамитқызымен «Мен және менің ортам» тақырыбында кездесу өткізілді. Психолог кездесуді ойын түрінде тренинг өткізді.
Кездесу барысында көптеген қызықты пайдалы кеңестер алып, өмірдегі барлық жаңа сынақтардан сүрінбей өтіп, жаңа бір ортаға тез бейімделіп кету керек екендігін білді. Студенттер тренинге белсене қатысып,өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып жауап ала білді.