2022 жылы 11 мамыр күні Ж.Досмұхаммедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжінің Кәсіптік практика кестесіне сәйкес «Шет тілі мұғалімі» біліктіліктері бойынша оқитын 2 ап КШИ 11 тобының байқау практикасының нәтижесін қорытыңдылауға байланысты конференция өткізілді.
Байқау практикасында 2 ап КШИ 11 тобының 30 студенттің 21 Орал қаласының 46 ЖОББМ және 9 студент 26 ЖОББМ машықтан өтті. Топтың №46 мектеп машықтан өтіп келген 2 студент, білім беру ерекшеліктерін, өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, "Market", "Rules of sport games" атты панорамалық сабақтарын көрсетті. 26 ЖОББМ машықкері "Degrees of comparison of an adjectives" тақырыбында панорамалық сабағын өткізді.
Конференция бағдарламасы бойынша топтың қорытынды есебі баяндалды.
Кері байланыс беру мақсатында студенттердің практика портфолиосының және сабақта пайдаланған дидактикалық материалдардың, оқушылардың орындаған практикалық жұмыстарының көрмесі қойылды. Студенттер сабақ барысында АКТ-ны, интернет (learningapps, PADLET, Bilimland) комьпютерлік бағдарламаларды сонымен қатар цифрлық ресурстарды кеңінен пайдаланған.
Студенттер колледж қабырғасында алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, тәжірибе жинақтаған. Өздерінің байқау сабақтарында жаңартылған білім мазмұнның оқу мақсаттарына сәйкес түрлі технологиялар мен әдіс-тәсіл, стратегияларды тиімді пайдалана білген.
Шараны қорытындылау мақсатында сөз алған директорының оқу-өңдірістік жұмысы жөніңдегі орынбасары топтарда өткізілген байқау практикасының жоспары толық орындалғаның мәлімдеп, сабақ барысында оқушыға берілетін тапсырмалар, сабақтың бірнеше мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталуы керек және оқушылардың жаңа тақырыпқа қызығушылығын арттыру мақсатыңда тақырыпқа байланысты мотивациялық әдіс тәсілдерді пайдалану керектігін ұсынды.