Ж.Досмұхамедова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 1апКШИ-11 тобының «Электронды темекі – ғасыр дерті» тақырыбындағы тәрбие сағатының есебі
31.01.2021 күні 1апКШИ-11 тобында «Электронды темекі – ғасыр дерті» тақырыбындағы электронды темекінің зияны, жас ұрпаққа темекі қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу. деген көзқарасын қалыптастыру мақсатында тәрбие сағаты өтті. Топта 34 студент, 33 студент қатысты,1 студент денсаулығына байланысты қатыспады.
Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауа тамыр және өкпе, рак ауруларына шалдықтырады. Шылым шегетіндердің 97% өкпе рагымен ауырады. Темекі түтіні өкпе тарамдарымен тыныс жолдарын бітеп, адам ағзасына қажетті оттекті мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Радиоактивті заттар да бар. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1 литр қара май жинайды. Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына шалдыққандардың өлімі 20% . Қатерлі ісік ауруынан болатын өлім 30%, өкпе рагы 90% темекі зардабынан болады. Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің медбекесі Джумагалиева Айнагуль Серіккалиевна «Электронды темекі - ғасыр дерті» тақырыбындағы қысқаша мәлімет баяндалды «Электронды темекінің қауіпсіз дүние емес екендігі, және ол Кейінгі кезде ТМД көлемінде, соның ішінде Қазақстанда жастардың вейп пен никпэктен зардап шегіп, улану деректері кездесуде. Бұлар, тіпті қарапайым темекіден қауіпті болып шықты. Себебі оларда никотин дозасы синтетикалық никотиннің шоғырлану көлеміне байланысты. Кейбір вейптер 300 рет соруға арналған. Бұлардың барлығы бекітілген мемлекеттік стандартсыз, бақылаусыз жасалатындықтан, онда нақты қанша никотин бары беймәлім. Мәселен, бір дана шылымда орташа есеппен 1-2 миллиграмм никотин болса, бір никпэкте оның көлемі ондаған есе асып түсуі мүмкін. Соның кесірінен оны тұтынған жастардың ауыз қуысы толған жара. Үнемі уланып, құсып жүргені. Дәрігерге қаралмаған соң улану дерегі тіркелмейді. Тәрбие сағатының қортындылай келе қазіргі күнде темекі шегушілікпен күрес бағдарламалары бүкіл әлемде жасалынуда, осыған орай қоғамдық орындарда темекі шегуге Европа елдерінде тіпті темекі өнімен сатуға тыйм салынған. Егерде біздің елімізде осы шараларды қолдансақ шылым шегетіндер саны азаятыны анық деп ойлаймын.
Топ кураторы: Нурланова Нургул Бидалыевна
Жайманова Лиза Ақболатовна