ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

    ИМЕНИ Ж. ДОСМУХАМЕДОВА

    Диплом алды практикасының нәтижесін қорытыңдылау конференциясы

    2021 жылдың 24 желтоқсан күні Ж.Досмұхаммедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжінде практика жоспарына сәйкес 4аКШФ, 4спКШФ, 4аКШФТ, 4спКШИ, 4спРШИ, 4сКШО топтары студенттермен диплом алды практикасының дайындық конференциясы өткізілді. Конференцияның мақсаты- студенттердің дипломалдындағы практикадан өтуге дайындықтарын анықтау. Конференцияға дейін топтарда оқу практикасы ұйымдастырылды.

    Конференция дайындығын тексеру мақсатында комиссия құрамы жұмыс жүргізіп, директордың міндеттің атқарушы С.М.Кенжегалиева,  «Білім» бейіні бойынша ОӘБ директордың орынбасары Г.С.Нурашева, директордың оқу-өңдірістік жұмысы жөніңдегі орынбасары М.С.Мукашев,  практика бөлімінің әдіскері Ж.Ж.Жоңкарбаева  портфолио мазмұны бойынша құжаттар, ұзақ, қысқа мерзімді сабақ жоспарлары, көрнекіліктер мен дидактикалық материалдар жинағын қарады.

    Дипломалды практикасының конференциясы жоғары деңгейде өтті. Студенттердің барлығы өз электрондық портфолиоларын ашып, ішіне өздері туралы (түйіндеме, жетістіктері т.б.) мәліметтер, практика (нормативтік құжаттар, стандарт, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, практика мазмұны, дидактикалық материалдары, көрнекіліктер т.б. ) құжаттары салынған, сонымен қатар, әр топ өздерінің практикаға дайындықтарын конференция барысында үзінді сабақтары мен көрмелері арқылы дәлелдей алды. Студенттердің практика құжаттары талапқа сай деп бағаланып, сұраныс бойынша практикаға жолдама берілді.

    Сонымен қатар студенттер http://wix.com сайтында тіркелген электронды портфолиоларында таныстырды. Электрондық жинақтарында АКТ-ны, интернет   (learningapps, PADLET, Bilimland) комьпютерлік бағдарламаларды сонымен қатар  цифрлық ресурстарды кеңінен пайдалана білді.

    Шараны қорытындылау мақсатында сөз алған директордың міндеттің атқарушы Салатант Максутовна: «Диплом алды практикасы - болашақ мұғалімдерді педагогикалық қызмет ерекшелігімен таныстырып, іскерлік қабылеттерін қалыптастыруға бағытталған. Бүгінгі конференциядағы дайындығыңыз  колледжден алған теориялық білімдеріңізді практикада көрсетіп, нәтижеге жетуіңізге мүмкіндік жасайды. Диплом алды практикасын сәтті, сапалы, нәтижелі өткізулеріңізге тілекшімін» деп аяқтады.