2021 жылы 23 қараша күні Ж.Досмұхаммедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжінің Кәсіптік практика кестесіне сәйкес «Шет тілі мұғалімі» біліктіліктері бойынша оқитын 4спКШИ-9 тобының байқау практикасының нәтижесін қорытыңдылауға байланысты конференция өткізілді.
Байқау практикасында 4спКШИ тобының 28 студенттің 18-і Орал қаласынан, 10-ы сұраныс бойынша ауылдық мектептерден өтті. Топтың №27 мектеп лицейінен машықтан өтіп келген 4 студент, лецейдің білім беру ерекшеліктерін, өздерінің алған әсерлерін осы мамандық бойынша оқитын 1, 3 курс студенттерімен бөлісті.
Конференция бағдарламасы бойынша топтың қорытынды есебі баяндалды. Байқау практикасынан тобының 28 студенттің 18-і Орал қаласынан, 10-ы сұраныс бойынша ауылдық мектептерден өтті. Топтың №27 мектеп лицейінен машықтан өтіп келген 4 студент, лецейдің білім беру ерекшеліктерін, өздерінің алған әсерлерін осы мамандық бойынша оқитын 1, 3 курс студенттерімен бөлісті.
Кері байланыс беру мақсатында студенттердің практика портфолиосының және сабақта пайдаланған дидактикалық материалдардың, оқушылардың орындаған практикалық жұмыстарының көрмесі қойылып, панорамалық сабақтары көрсетілді. Студенттер сабақ барысында АКТ-ны, интернет (learningapps, PADLET, Bilimland) комьпютерлік бағдарламаларды сонымен қатар цифрлық ресурстарды кеңінен пайдаланған.
Студенттер колледж қабырғасында алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, тәжірибе жинақтаған. Өздерінің байқау сабақтарында жаңартылған білім мазмұнның оқу мақсаттарына сәйкес түрлі технологиялар мен әдіс-тәсіл, стратегияларды тиімді пайдалана білген.
Шараны қорытындылау мақсатында сөз алған директорының оқу-өңдірістік жұмысы жөніңдегі орынбасары топтарда өткізілген байқау практикасының жоспары толық орындалғаның мәлімдеп, сабақ барысында оқушыға берілетін тапсырмалар, сабақтың бірнеше мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталуы керек және оқушылардың жаңа тақырыпқа қызығушылығын арттыру мақсатыңда тақырыпқа байланысты мотивациялық әдіс тәсілдерді пайдалану керектігін ұсынды.